Шілде айындағы бизнес жаңалықтары

Қазақстан кәсіпкерлері үшін маңызды ақпарат

Шілде айындағы бизнес жаңалықтары

Мақаланың мазмұны

ЖК мен ЖШС-ны жабу тәртібі жеңілдеді

Қаржы министрлігі жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату және ЖШС-ны тарату рәсімін онлайнға көшірді. Енді бұл қызметті мемлекеттік органдарға бармай, қағаз құжат тапсырмай-ақ «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» порталында электронды түрде пайдалануға болады. ЖК-ны жабу мен ЖШС-ны тарату тәртібі өзгерген жоқ. Тек өтінім беру форматы жаңарды:

  1. ЭЦҚ және СМС коды арқылы порталға кіріңіз.
  2. «Профиль» бөлімінде кәсіпкерлік мәртебеңізді таңдаңыз: ЖК немесе заңды тұлға.
  3. Қызметті тоқтату немесе компанияны тарату туралы өтінім беру бөліміне өтіңіз.
  4. Қажет мәліметтерді толтырыңыз.
  5. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Өтінімнің қарастыру күйін жеке кабинетте қадағалай аласыз.

Қазір бұл қызмет жеке кәсіпкерлерге, резидент заңды тұлғаларға және олардың филиалдарына қолжетімді. Келесі кезеңдерде бұл мүмкіндікпен жеке практикамен айналысатын тұлғалар, жеке кәсіпкерлікке қатысушылар және бірігу жолымен қайта ұйымдастырылып жатқан заңды тұлғалар да пайдалана алады.

Alatau City Bank бизнеске арналған бірыңғай QR жүйесін іске қосты

Қазақстанда бірыңғай QR арқылы төлем қабылдау жүйесі іске қосылды. Енді сатып алушылар төлемді кез келген банктің қолданбасымен жасай алады, ал кәсіпкерлерге бірнеше терминал пайдаланудың қажеті жоқ. Alatau City Bank өз клиенттеріне мынадай мүмкіндік ұсынады:

  • бірыңғай QR бойынша комиссия мөлшерлемесі — 1%
  • барлық төлемді әртүрлі банк терминалдарының орнына бір-ақ POS-терминал арқылы қабылдау
  • банк картасы мен QR төлеміне қай терминалды пайдалану керегін ойлап әуре болмау

Бұрын клиент бір банктің картасымен басқа банктің терминалы арқылы төлем жасаса, комиссия 2%-ға дейін жетуі мүмкін еді. Ал өз банкінің терминалы арқылы төлем қабылдағанда комиссия мөлшерлемесі 1,2% болатын. Бірыңғай QR осы айырмашылықты жояды. Енді клиент қай банктің картасын пайдаланса да, комиссия мөлшері өзгермейді — 1% болады.

Эквайринг қызметін банк сайтында қосуға болады. Өтінім бергеннен кейін банк мамандары терминалды келесі күні орнатып, іске қосады.