Кофехана ашқаннан кейін кездесетін қиындықтар мен оларды болдырмау

Кәсіпкерлер алғашқы кофеханасын ашқанда, қателіктердің басым бөлігі дайындық кезеңінде емес, жұмысты бастағаннан кейін басталады. Сезімге берілсеңіз, жобаның алғашқы айлардағы бағытын айқындайтын қарапайым дүниелерді көзден тыс қалдыру оңай.
Кең таралған қиындықтарды жинап, оларды болдырмау жолдарын айтып беремін.
1. Қаржылық қорсыз кофехана ашу
Мысал: кофехана соңғы ақшаға ашылды. Алғашқы айда табыс тұрақсыз болды, коммуналдық төлемдер, жалға алу ақысы және қажет тауарларды сатып алулар бар. Ақша жетпей, кофехана екінші айда жабылып қалды.
Қателік: қаржылық қорсыз ашылған жоба алғашқы айлардың қысымына шыдамайды. Алғашқы айларда табыстан шығын көп болады.
Шешім: жалға алу, жалақы және сатып алуларға кемінде 2–3 айға жететін қаржылық қор қажет. Мұндай қор кассалық алшақтықтарды болдырмай, бизнестің өсуіне уақыт береді.
2. Ескерілмеген шығын
Мысал: кофехана иесі жөндеуге, жабдық пен өнімге ақша бөлген. Бірақ су, қалдық шығару, интернет, кофемашинаны күту және күнделікті шығын материалдарын есепке алмады. Бір айдан кейін келген қосымша шоттар бүкіл пайданы жеп қойды.
Қателік: ірі шығындарға ғана назар аударып, күнделікті операциялық төлемдерді елемеу.
Шешім: барлық міндетті төлемдердің толық тізімін алдын ала жасау. Бірінші аптаның табысына сеніп отырмай, операциялық шығындарды ертерек жоспарлау.
3. Табысты қате болжау
Мысал: кәсіпкер күніне 150–200 шыныаяқ сатамын деп ойлады. Іс жүзінде 50–70 болды — жаңа ашылған орын үшін бұл қалыпты көрсеткіш. Соның салдарынан кіріс пен шығын теңеспей, қаржылық қор күткеннен ертерек таусылды.
Қателік: сауданы тым жоғары бағалау және бастапқы кезеңдегі әлсіз ағынды елемеу.
Шешім: кіріс пен шығын теңесетін сәтті табыстың жартысына қарап есептеу. Және 2–4 ай бойы төмен көрсеткіштерге шыдайтын қаржылық қор дайындау.
4. Иесінің орнын басатын адам жоқ
Мысал: иесі бариста болып таңнан кешке дейін, демалыссыз жұмыс істеді. Ауырып қалған кезде кофехананы бірнеше күнге жабуға тура келді. Келген клиенттер жабық есікті көріп, басқа жерге кетте де, қайта оралмады
Қателік: бүкіл жұмыс бір адамға байланған.
Шешім: орныңызды басатын кемінде бір адамды алдын ала дайындау. Тәжірибе жинап жүрген біреу болса да, серіктес болса да жарайды. Бизнестің күнделікті жұмысы сіздің денсаулығыңызға тәуелді болмауға тиіс.
5. Ашылғанмен, қонақ аз
Мысал: ашылу керемет өтті, алғашқы күндері аншлаг. Сосын тым-тырыс — қозғалыс жоқ, ұсыныс жоқ, байланыс жоқ. Адамдар жаңа орын жайлы тез ұмытып кетті.
Қателік: «ашылсақ болды, клиент өзі келеді» деген ойға сену.
Шешім: ашылмас бұрын маркетинг жоспарын дайындау.
Нәтиже беретін нәрселер:
- әлеуметтік желіде жарнама жасау
- жақын маңдағы кеңселермен серіктес болу
- таңғы науқандар
- қайта келу үшін ұсыныстар дайындау
- кіреберісте көзге түсетін визуал
Ереже: әр күн қонақ ағынын әкелу керек.
6. Өзіндік құн мен түсімді қадағаламау
Мысал: күнделікті пайда бар сияқты еді, ал ай соңында ақша қалмайтын. Себебі: сүттің артық жұмсалуы, шығын материалдарының жоғалуы, қағаз ыдыс мен есептен шығаруды бақыламау. Осындай шығындар маржаның 30%-на дейін жеткен.
Қателік: бастапқы кезеңде қаржылық тәртіптің болмауы.
Шешім:
- күн сайын кешке кассаны санау
- есептен шығару есебін жүргізу
- сүт, сироп, тәттілерді қадағалау
- аптасына бір рет өзіндік құнды қайта қарау
Алғашқы 2–4 аптада мұқият бақылау жаңа орында болатын шығындарды азайтады.
7. Ерте кеңею немесе артық тауар сатып алу
Мысал: сәтті өткен алғашқы апталардан кейін иесі кеңеюге кірісіп кетті — жаңа жабдық алды, сироп сатып алды, екінші нүктені ойлай бастады. Бір айдан соң ақша таусылып, ал пайда бұрынғы деңгейде қалды.
Қателік: жүйе орнықпай тұрып өсуге ұмтылу.
Шешім: алдымен тұрақты жұмыс барысы пен қаржылық тәртіпті қалыптастыру. Сосын — кеңею. Ал тауар сатып алу тек сұранысқа сай орындалады.
Қорытынды
Кофехана ашу — жабдық, дән және әдемі бар емес. Бұл бірінші күннен басталатын қаржылық тәртіп, шынайы болжам жасау және жұмыс барысын басқару.
Жобаны сақтау үшін:
- қаржылық қор жина
- бәрін алдын ала есепте
- кіріс пен шығынды қадағала
- өзіңе орынбасар ізде
- маркетингті тоқтатпа
- уақытынан бұрын кеңеюге асықпа
Сәттілік!