Мекеме жұмысының алғашқы айдағы шығындары

Ашылғаннан кейінгі шығындардың қайда жұмсалғанын анықтаймыз

Мекеме жұмысының алғашқы айдағы шығындары
Юлия Ермолаева

Юлия Ермолаева

Мейрамхана желісінің маркетинг директоры

Мейрамхана не кофехана ашқан кезде қуаныш пен уайым қатар жүреді. Алғашқы қонақтар келе бастайды, бірақ иесі үшін басты сын — шығынға батпау.

Бірінші ай — нағыз сынақ: табысты болжау қиын, клиенттер мекемені енді ғана танып жатыр, ал шығындар бизнес-жоспарда есептелгеннен әлдеқайда артық болады. Біз Алматыны мысалға алып, шығындардың өзекті бағыттарын анықтадық. Басқа қалаларда көрсеткіштер өзгеше болуы мүмкін, бірақ шығындардың сипаты барлық жерде ұқсас.

Жалға алу және коммуналдық төлемдер

Жалға алу — бюджеттің ең үлкен баптарының бірі. Көп жағдайда жалға берушілер 1–2 айлық алдын ала депозит сұрайды, сондықтан орынға жұмсалатын бастапқы шығындарды қосымша есептеген дұрыс.

Кеңес: келісімшартқа қол қоймас бұрын, жалға берушімен жалға алу ақысы бойынша демалыс кезеңі, жеңілдіктер немесе төлемдерді кейінге қалдыру туралы талқылап алыңыз. Мұндай кең таралған тәжірибе бастапқыда қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Азық-түлік және шығындалатын материалдар

Істі бастау үшін ең аз мөлшерде тауар сатып алу жеткілікті болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде шығындар жоспарланғаннан үнемі 20–30% жоғары болады.

Бірінші айда толыққанды қойма қорын жинақтау қажет — кофе мен алкогольден бастап, тұздықтар, десерттер, гарнирлер мен сусындарға дейінгі мәзірді түгелдей қамту керек.

Шығындалатын материалдар туралы ұмытпаңыз — майлықтар, стақандар, контейнерлер, қаптама. Тіпті шағын кофехананың өзіне шығындар 400 мың теңгеден, ал орташа сегменттегі мейрамханалар үшін — 1 млн теңгеден басталады.

Еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚ)

Команда — бастапқы кезеңде негізгі шығын баптарының бірі. Онсыз ас үй де, қызмет көрсету де өздігінен жұмыс істеп кетпейді, сондықтан шынайы жалақы қорын бірден жоспарлау маңызды.

Кофехана үшін шағын команда жеткілікті: 2–3 бариста, әкімші, қажет болған жағдайда асүйдегі көмекші.

Орташа сегменттегі мейрамханаға бас аспаз, бас аспаздың көмекшісі, желілік аспаздар, даяшылар, бармендер, хостес, әкімшілер, тазалаушылар қажет.

  • Кофехана ЕТҚ-сі — 4–5 млн теңге
     
  • Орташа сегменттегі мейрамхана ЕТҚ-сі — 14–19 млн теңге

Маркетинг пен жарнама

Келетін клиенттер болмаса, мінсіз асхана бизнесті құтқара алмайды. Бірінші айда қонақтар ағынын құру және жарнамаға бюджет бөлу маңызды.

Ілгерілетуді ашылғанға дейін бастаған жөн — әлеуметтік желілерде анонс жасау, хабарландырулар, блогерлер, офлайн-афишалар. Бұл істі бастаған күні алғашқы қонақтарды жинауға көмектеседі. Маркетологтердің бағалауы бойынша шығындар келесідей шығады:

Полиграфия және POS-материалдар

Полиграфия — шығындар арасында іс басталғанда жиі ұмыт қалатын, бірақ бренд туралы алғашқы әсер қалыптастыратын бап. Оған келесілер кіреді:

  • мәзірді басып шығару
     
  • карточкалар мен баға жапсырмалары
     
  • навигациялық тақтайшалар
     
  • парақшалар мен плакаттар

Құны мекеменің форматына, материалдардың сапасына және дизайнына байланысты. Тіпті ең төменгі есеппен 700 мың теңгеден бастап, ал орташа сегменттегі жобалар үшін сома әдетте 1 млн теңгеден басталады. Егер концепция күрделі дизайн мен премиум материалдарды білдірсе, шығыстар 1,5–2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.
 

Лицензиялар, кассалар, СЭҚ және онлайн-сервистер

Кәсіпкерлер құжаттар мен алымдардың көбін мекеме іске қосылмай тұрып рәсімдейді. Алайда іс жүзінде олай бола бермейді: бизнес ашылады да, ал төлемдер мен құжат рәсімдеу кейінге қалдырылады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сақталатынын есте ұстаған жөн, сондықтан бәрібір құжаттарды рәсімдеуге тура келеді.

Алкогольді сатуға арналған лицензия

Егер сіз алкоголь сатуды жоспарласаңыз, лицензия алуға міндеттісіз. Лицензия ЖК үшін де, алкоголь саудасын жүргізгісі келетін заңды тұлғалар үшін де қажет. Арақ пен ликер-арақ өнімдерін, шарап пен шарап материалдарын, коньяк пен брендиді, сыра мен сыра сусындарын сатуға рұқсат қажет.

Лицензия беру үшін алым мөлшерлемесі өңірге байланысты өзгереді:

  • Астана, Алматы және облыс орталықтары — 100 АЕК (2025 жылы ≈393 200 теңге)
     
  • аудан орталықтары мен елді мекендер — 70 АЕК (≈275 240 теңге)
     
  • ауылдық жер — 30 МРП (≈117 960 теңге)

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ)

Егер мекеме тамақ дайындаса немесе өнім сатса, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды қажет болуы мүмкін. egov.kz немесе elicense.kz  арқылы оны тегін жасауға болады. Қаласаңыз, құжаттарды жинауға және тапсыруға көмектесетін лицензиясы бар жеке компанияларға хабарласуға болады. Олардың қызметтерінің құны өңірге және жобаның күрделілігіне байланысты, орта есеппен 200 мың теңгеден басталады. 

Кассалық аппарат және эквайринг

Төлемдерді қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз қабылдайтын барлық кәсіпкерлерге онлайн-БКМ — кассалық аппарат немесе деректерді салық қызметіне жіберетін мобильді қолданба қажет.

  • Аппараттық кассалардың құны орта есеппен 78 мың теңгеден басталады, бағасы моделіне байланысты.
     
  • Эквайринг қосу бөлек жүзеге асырылады: банктер POS-терминалдарды көбінесе тегін ұсынады, бірақ әр транзакциядан комиссия алады. Комиссияның нақты сомасы мекеменің айналымына және банкпен жасалған шарттың талаптарына байланысты.

Онлайн-сервистер

Осы шығындардың бабына әдетте мекемелерге арналған онлайн-сервистерді төлеу және қосуды енгізеді: POS-жүйелер, CRM-платформалар, үстелдерді брондау қызметтері және жеткізу агрегаторларымен бірігу мүмкіндігі. Кәсіпкерлердің тәжірибесі бойынша жұмыстың бірінші айында ескеру қажет сома:

  • кофехана — 50–150 мың теңге;
     
  • орташа сегменттегі мейрамханалар— 200–400 мың теңге.

Қорытынды сома таңдалған жүйелерге және автоматтандыру деңгейіне байланысты.

Қаржылық қор және күтпеген шығындар

Ең егжей-тегжейлі бизнес-жоспардың өзі тосын жағдайлардан құтқармайды: жабдықтың істен шығуы, жоспардан тыс сатып алулар, тексеруші органдардың айыппұлдары.

Осыны ескеріп, бюджетіңіздің 15–20%-ын қосымша қорға арнаған жөн. Бұл алғашқы айды қаржылық қиындықсыз өткізуге және кассалық алшақтықтарды алдын алуға көмектеседі.

Бірінші айдағы негізгі шығындар тізімі

Кофехана немесе мейрамхана ашылғаннан кейінгі бірінші ай — төзімділікке сынақ сияқты. Барлық негізгі шығындарды алдын ала ескеру қажет: жалға алу, сатып алу, жалақы, маркетинг, лицензиялар және күтпеген шығындарға арналған қор.

Негізгі ереже — бюджетті әрқаша артығымен жоспарлаңыз. Шығын аз болса — үнемдейсіз, көп болса — дайын боласыз