✦ Ва3/Позитивті/NP — ұзақ мерзімді депозиттер бойынша рейтингісі
✦ Ba1.kz — депозиттер бойынша ұлттық шкаладағы рейтингісі
3,05 млн
клиент
300+ млрд ₸
клиентерге берілген кредит
239,1 млрд ₸
ШОБ-қа берілген кредит
19
филиал
6043
қызметкер
Бизнесті ESG-трансформациялауға бастама жасай отырып, Alatau City Bank біздің орнықты корпоративтік даму туралы көзқарасымызды қалыптастыратын ұзақмерзімді артықшылықтарды ұстанады.
Alatau City Bank банктік қызметтің корпоративтік әдіс-тәсілдеріне және біздің клиенттермен, қызметкерлермен, акционерлермен, іскерлік серіктестермен және жалпы қоғаммен өзара іс-қимылымызға орнықты даму қағидаларын біріктіре отырып бизнесті жауапкершілікпен жүргізу мәдениетін алға жылжытып отыр.
Alatau City Bank орнықты экономикаға көшу кезінде стейкхолдерлерді қолдау үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, өз қызметінде БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын да барынша ескереді.
Стейкхолдерлермен конструктивті өзара іс-қимыл – жауапкершілікке толы бизнестің негізі. Alatau City Bank белсенді диалогты дамыту және мүдделі тараптардың қызығушылықтарын теңдестірілген түрде ескеруді өте маңызды деп санайды.
Қазақстанның ең ірі қаржылық мекемелерінің бірі бола отырып Alatau City Bank өз қызметінің, өнімдері мен қызметтерінің климатқа және қоршаған ортаға әсерін тиімді түрде басқаруға, сондай-ақ бизнесті жүргізудің экологиялық орнықты практикаларын жүргізуге мүдделі.