Alatau City Bank 50 млрд теңге мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады
Алматы, 5 қыркүйек 2025 ж. – «Alatau City Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) 50 млрд теңге сомасына мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтаратыны туралы хабарлайды.
Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 29 тамыздағы шешіміне сәйкес, Банк өз облигацияларының: 30 млрд теңгеге және 20 млрд теңгеге екі шығарылымын сатып алды. Осы облигациялардың айналым мерзімі тиісінше 2034 және 2040 жылдары аяқталады. Мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтару туралы шешім Банктің жаңа акционері Вячеслав Кимнің бастамасымен қабылданды.
«Alatau City Bank әлеуметтік жауапты қаржы институты ретінде мемлекеттік қолдау қаражатының бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға шешім қабылдады. Тұрақты қаржылық жағдай, капиталдандырудың жеткілікті деңгейі және қызметтің жоғары нәтижелері мемлекетке деген осы ерікті қадамды жасауға мүмкіндік берді. Банк алдағы уақытта мемлекеттің сенімді серіктесі болуға, ел экономикасын қаржыландыруға және көптеген өз клиенттеріне қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға белсенді түрде атсалысуға ниетті», – деп түсіндірді осы қабылданған шешімге Alatau City Bank Директорлар Кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов.
Естеріңізге сала кетейік, Банк мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтара 2024 жылдың сәуір бастады.
Alatau City Bank туралы:
Alatau City Bank Қазақстан Республикасының жетекші банктерінің бірі болып табылады, активтерінің көлемі жағынан еліміздегі топ-6-ға кіреді және меншікті капиталының көлемі жағынан 3-ші орынды алады.
Баспасөз қызметімен байланыс:
Press-service@alataucitybank.kz