Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Қарызды қайта қаржыландыру

Ыңғайлы өтеу үшін қолайлы жағдайлар

8 млн-ға дейін

кредиттеу сомасы 

10 жылға дейін

кредит беру мерзімі  

37%

жылдық 

*ЖТСМ-жылдық

43,0%-дан 46,0%-ға дейін

*ГЭСВ – от 53,1% - до 56% годовых


несие сомасын енгізіңіз

8 000 000

30 000₸ 8 000 000₸ дейін

несие мерзімін енгізіңіз

24

ай

3 айдан 120 айға дейін

кең таралған мерзімдер

ай сайынғы төлем

0

0

артық төлем

37%

мөлшерлеме

43,0% бастап 46,0% дейін

ЖТСМ*

24 ай

мерзім

Алу

ЖТСМ* - Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі.

Артықшылықтары

8 миллионға дейін қосымша кредит алыңыз

Басқа банктердегі барлық кредиттерге 8 млн теңгеге дейін қосымша сома көрсете аласыз

Қарыздарды 37% мөлшерлемемен қайта қаржыландырыңыз

Барлық кредиттер бойынша қайта қаржыландыру мөлшерлемесі

Ақшаның бірден түсуі

Қаражат бірнеше минут ішінде басқа банктің ағымдағы шотына аударылады

Бірнеше төлемнің орнына бір төлем

Енді әр банктердегі барлық кредиттер бойынша төлемдер күндері мен сомаларын есте сақтаудың қажеті жоқ. Айына бір рет 37% мөлшерлемемен төлеңіз

Ай сайынғы төлемді азайтыңыз

Басқа банктегі қарызыңызды 120 айға дейін жаңа мерзімге қайта қаржыландырыңыз. 37% мөлшерлеме бойынша

Өтініш қалдыру

Нысанды толтырыңыз, менеджерлер сізге жақын арада хабарласады

Қала

Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын

Төлем кестесін қадағалаңыз

Өз қарызыңызды 1 минуттың ішінде тиімді шарттармен қайта қаржыландырыңыз

Рәсімдеуге өту

FAQ

ҚР басқа да ЕДБ-те берілген несиелер қайта қаржыландыруға жатады.

Толығырақ

 Қайта қаржыландыруға өтінім беру үшін Сізге:

  • Alatau City Bank  мобильді қосымшасының басты бетінде “Қайта қаржыландыру” батырмасын таңдау;
  • қайта қаржыландыруды алу үшін сауалнаманы толтыру;
  • Банктің қабылдаған шешімі туралы PUSH-хабарлама күту керек.
Толығырақ

Қайта қаржыландыруға өтінімді Alatau City Bank мобильді қосымшасында 09:00-дан 22:00-ға дейін беруге болады.

Alatau City Bank мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруға өтінім беру үшін:

• жеке басын куәландыратын құжат болуы керек; Банктен оң шешім алған жағдайда, картаңыз болмаса, мобильді қосымшада төлем картасы ашылады, оған несие қаражаты түседі.

Толығырақ

Егер Сіз мемлекеттік қызметкер болсаңыз және Cізде зейнетақы аударымдары болмаса, ипотекалық қарыз және тұрғын үй төлемдері болған кезде Сізге Alatau City Bank мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруға өтінім беріп, "Табыс туралы анықтама" және "Тұрғын үй төлемдері туралы анықтаманы" тіркеу керек. 

Толығырақ

Қайта қаржыландыруды Alatau City Bank мобильді қосымшасында рәсімдеу үшін Сіздің орташа айлық табысыңыз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс.

Толығырақ

Alatau City Bank мобильді қосымшасында қайта қаржыландырудың максималды сомасы 8 000 000 теңгеге дейін құрайды.

Толығырақ

Ай сайынғы төлемді төлеу үшін Банктік қарыз шартында көрсетілген өтеу шотын ай сайынғы төлем күніне дейін* Өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен толтыруыңыз қажет.
Шотты толтырудың ең қолайлы әдістері:
• Банк бөлімшесі арқылы,
• Kassa 24, Yurta, Qiwi төлем терминалдары арқылы,
• Alatau City Bank банкоматтарында Cash-in функциясымен картаны толтыру арқылы,
• Шотқа басқа ЕДБ-ден, өз шоттары арасында немесе Банк ішінде аударым жасау арқылы.
Өзіңіздің өтеу шотыңызды Alatau City Bank мобильді қосымшасы, «Несиелер» бөліміндегі несие туралы ақпараттың «Төлем шоты» бөлімінен біле аласыз.
*
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыздың стандартты шарттарына (қосылу шартына)
сәйкес, ай сайынғы төлемді өтеу үшін қаражат Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін қамтамасыз етілуі тиіс.

Толығырақ

Қайта қаржыландыру бойынша төлем күнін өзгерту үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Банктік қарыз шартына сәйкес төлем күнін өзгерту үшін комиссия алынады.

Толығырақ

Қайта қаржыландыру бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтеуді Alatau City Bank мобильді қосымшасында немесе Банктің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы жүзеге асыруға болады.

Толығырақ

Қайта қаржыландыру бойынша ай сайынғы төлемді 3-ші тұлға өтей алады. Үшінші тұлға қайта қаржыландыру бойынша мерзімінен бұрын / ішінара өтеуді тек нотариалды сенімхат болған кезде жүзеге асыра алады.

Толығырақ

Қайта қаржыландыру жөніндегі шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі шығарады, Банк қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге ықпал ете алмайды. Әрбір нақты жағдайда шешім Сіздің несиелік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты жеке қабылданады.

Толығырақ

Қайта қаржыландыруды рәсімдеуге арналған өтінімдер, егер клиенттер - ҚР резиденттері, 21 жасқа толған және қарызды өтеу күніне 70 жастан аспаған жеке тұлғалар болса, қаралады.

Толығырақ

Қайта қаржыландыру бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтегені үшін комиссиялар, айыппұл санкциялары жоқ.

Толығырақ

Қарызды ұйымдастыру үшін комиссия жоқ.

Толығырақ

Басқа ЕДБ шот(-тар)ына қаражат 1- 3 жұмыс күні аралығында түседі.

Толығырақ

Alatau City Bank мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруды алуға өтінімдер санына шектеу жоқ.

* Әрбір нақты жағдайда несие бойынша шешім жеке қабылданады және клиенттің несие тарихының сапасы мен төлем қабілеттілігіне байланысты шығарылады. Alatau City Bank мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруға өтінім беру алдыңғы өтінім рәсімделгеннен кейін 15 минуттан соң мүмкін болады.

Толығырақ

Сіз несие рәсімдегеннен кейін келесі жағдайларда қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз:
• Сіз 1,2,3 топтағы мүгедектік алсаңыз; 
• Сіздің жұбайыңыз және (немесе) жақын туыстарыңыз* 1, 2 топтағы мүгедектік алса;
• Сіздің жұбайыңыз және/немесе жақын туыстарыңыз* қайтыс болса;
• Сіз әскери қызметке шақырту алсаңыз;
• Жүктілік және босану бойынша демалыс немесе балаға күтім жасау бойынша демалыс алсаңыз;
• Сізде немесе Сіздің жауапкершілігіңіздегі адамда дерт** анықталса;
• Сізге материалдық залал келтірілген жағдайда (өрт, су басу, дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және т.б. нәтижесінде);
• Сіз өңіраралық қоныс аудару бағытындағы «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болсаңыз.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда Банк Сіз ұсынған тиісті растау құжаттарының негізінде қайта құрылымдауды ұсыну мүмкіндігін қарастырады.

* Жақын туыстары – бұл ата-аналары (ата-ана), балалары, асырап алған ата-аналары, асырап алған балалары, толық туған және жартылай туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері.
** Дерт «Екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген аурулар тізімінде болған жағдайда.

Толығырақ

Сіз "Alatau City Bank" Банктің кез келген бөлімшесінде қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз.

Толығырақ