Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Онлайн кредит

  • 5 минутқа дейін онлайн ресімдеу
  • Қаражатты картаға бірден саламыз
  • Кіріс туралы анықтаманы талап етпейміз

8 млн-ға дейін

кредиттеу сомасы

10 жылға дейін

кредит беру мерзімі

         

37%

жылдық 

*ЖТСМ-жылдық

43,0%-дан 46,0%-ға дейін


несие сомасын енгізіңіз

8 000 000

30 000₸ 3 600 000₸ дейін

несие мерзімін енгізіңіз

24

ай

3 айдан 120 айға дейін

кең таралған мерзімдер

ай сайынғы төлем

0

0

артық төлем

37%

мөлшерлеме

43,0% бастап 46,0% дейін

ЖТСМ*

24 ай

мерзім

Алу

ЖТСМ* - Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі.

Артықшылықтар

3 минутқа дейін уақытта онлайн рәсімдеу

Alatau City Bank қосымшасы арқылы кредит алыңыз

Ақша бірден картаға түседі

Қаражат шотқа түседі, шот болмаған жағдайда жаңасын ашамыз

Мерзімінен бұрын өтеу

Кредитіңізді кез келген уақытта төлеңіз

Анықтамаларсыз

Ақшаны алу үшін сізге тек жеке куәлік қажет.

Кепілсіз

Кез-келген мақсатқа экспресс-кредит рәсімдеңіз

Өтініш қалдыру

Нысанды толтырыңыз, менеджерлер сізге жақын арада хабарласады

Қала

Осы форманы жібере отырып, мен ақпаратты беру шарттарымен келісетінімді растаймын

Төлем кестесін қадағалаңыз

Қаражатыңызды ыңғайлы бақылап отыру үшін Alatau City Bank қосымшасын жүктеп алыңыз

Қазір ресімдеу

FAQ

Alatau City Bank мобильді қосымшасында Онлайн несие алу үшін Сіздің орташа айлық табысыңыз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс.

Толығырақ

Онлайн несиеге өтінім беру үшін Сізге:

• Онлайн несиені рәсімдеуге өтінімді Alatau City Bank мобильді қосымшасының басты бетінде беру;

• Онлайн несиені алу үшін сауалнаманы толтыру;

• Банктің қабылдаған шешімі туралы PUSH-хабарламаны күту керек. 

Толығырақ

Alatau City Bank мобильді қосымшасындағы Онлайн несиенің ең жоғары сомасы 8 000 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Толығырақ

Онлайн несиеге өтінімді Alatau City Bank мобильді қосымшасында 09:00-дан 22:00-ға дейін беруге болады.

Alatau City Bank мобильді қосымшасында Онлайн несие алу үшін Сізде:

• жеке басты куәландыратын құжат болуы керек; 

Банктен оң шешім алған жағдайда, егер Сізде карта болмаса, мобильді қосымшада төлем картасы ашылады, оған несие қаражаты түседі.

Толығырақ

Қарызды ұйымдастыру үшін комиссия жоқ.

Толығырақ

Онлайн несиені ресімдеуге арналған өтінімдер, егер клиенттер -  21 жасқа толған және қарызды өтеу күніне 70 жастан аспаған Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар болса, қаралады.

Толығырақ

Онлайн несие бойынша шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі береді, Банк қызметкерлері осы процеске қатыспайды және шешімге ықпал ете алмайды. Әрбір нақты жағдайда шешім Сіздің несиелік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты жеке қабылданады.

Толығырақ

Ай сайынғы төлемді төлеу үшін Банктік қарыз шартында көрсетілген өтеу шотын ай сайынғы төлем күніне дейін* Өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен толтыруыңыз қажет.
Шотты толтырудың ең қолайлы әдістері:
• Банк бөлімшесі арқылы,
• Kassa 24, Yurta, Qiwi төлем терминалдары арқылы,
• Alatau City Bank банкоматтарында Cash-in функциясымен картаны толтыру арқылы,
• Шотқа басқа ЕДБ-ден, өз шоттары арасында немесе Банк ішінде аударым жасау арқылы.
Өзіңіздің өтеу шотыңызды Alatau City Bank мобильді қосымшасы, «Несиелер» бөліміндегі несие туралы ақпараттың «Төлем шоты» бөлімінен біле аласыз.
*
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыздың стандартты шарттарына (қосылу шартына)
сәйкес, ай сайынғы төлемді өтеу үшін қаражат Астана уақыты бойынша сағат 18:00-ге дейін қамтамасыз етілуі тиіс.

Толығырақ

3-ші тұлғаның Онлайн несие бойынша төлемді ай сайын өтеуі мүмкін. Үшінші тұлғаның Онлайн несиені мерзімінен бұрын / ішінара өтеуі тек нотариалды сенімхат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Толығырақ

Егер Сіздің Онлайн несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз демалыс күніне түссе, онда төлем демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.

Толығырақ

Онлайн несие бойынша төлем күнін өзгерту үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Банктік қарыз шартына сәйкес төлем күнін өзгерту үшін комиссия алынады.

Толығырақ

Онлайн несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтеуді Alatau City Bank  мобильді қосымшасында немесе Банктің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы жүзеге асыруға болады.

Толығырақ

Онлайн несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтегені үшін комиссиялар, айыппұл санкциялары жоқ.

Толығырақ

Сіз несие рәсімдегеннен кейін келесі жағдайларда қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз:
• Сіз 1,2,3 топтағы мүгедектік алсаңыз; 
• Сіздің жұбайыңыз және (немесе) жақын туыстарыңыз* 1, 2 топтағы мүгедектік алса;
• Сіздің жұбайыңыз және/немесе жақын туыстарыңыз* қайтыс болса;
• Сіз әскери қызметке шақырту алсаңыз;
• Жүктілік және босану бойынша демалыс немесе балаға күтім жасау бойынша демалыс алсаңыз;
• Сізде немесе Сіздің жауапкершілігіңіздегі адамда дерт** анықталса;
• Сізге материалдық залал келтірілген жағдайда (өрт, су басу, дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және т.б. нәтижесінде);
• Сіз өңіраралық қоныс аудару бағытындағы «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болсаңыз.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда Банк Сіз ұсынған тиісті растау құжаттарының негізінде қайта құрылымдауды ұсыну мүмкіндігін қарастырады.

* Жақын туыстары – бұл ата-аналары (ата-ана), балалары, асырап алған ата-аналары, асырап алған балалары, толық туған және жартылай туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері.
** Дерт «Екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген аурулар тізімінде болған жағдайда.

Толығырақ

Сіз "Alatau City Bank" Банктің кез келген бөлімшесінде қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз.

Толығырақ

Alatau City Bank мобильді қосымшасында Онлайн несие алуға өтінімдер санына шектеу жоқ.

* Әрбір нақты жағдайда кредит бойынша шешім жеке қабылданады және Клиенттің кредиттік тарихының сапасы мен төлем қабілеттілігіне байланысты шығарылады. Клиент несие ресімдегеннен кейін Alatau City Bank мобильді қосымшасында Онлайн несие алуға өтінішті бірден қайтадан бере алады.

Толығырақ