Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 22 тамыз
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Alatau City Bank 2024 жылға Тұрақты даму туралы есебін ұсынды

«Alatau City Bank» АҚ 2024 жылға Тұрақты даму туралы есебін жариялағанын хабарлайды.

Есепте Global Reporting Initiative (GRI) халықаралық стандарттарына сәйкес ашылған сапалық және сандық деректер ұсынылған. Құжат Банктің ESG саласындағы қызметі және банктік қызметті 2024 жылы жауапты түрде жүргізгені туралы жан-жақты және объективті ақпаратты көрсетеді.

Корпоративтік басқару жүйесіндегі өзгерістерге, әлеуметтік бастамаларға, сондай-ақ қызметтің экологиялық және климаттық көрсеткіштеріне ерекше назар аударылады. Есепте Alatau City Bank-тің ESG саласындағы басты жетістіктері берілген.

2024 жылғы Тұрақты даму туралы есептің толық мәтінімен Alatau City Bank корпоративтік сайтында «ESG» бөлімінде танысуға болады.

Есеп сонымен қатар KASE интернет-сайтында «Ақпаратты ашу» бөлімінде жарияланған.