Alatau City Bank бейілділік бағдарламасын кеңейтті
Алматы, 16 қыркүйек 2025 жыл. Alatau City Bank Pay картасымен күнделікті сатып алуды одан да тиімді етіп, бейілділік бағдарламасын жаңартып, кеңейтті.
Банктің бейілділік бағдарламасы өнімдер мен киімдерден бастап автомобильге арналған жанармайға дейін ауқымды санаттарды қамтиды. Клиенттер Alatau City Bank-тің Pay картасы арқылы күнделікті сатып алулар жасай отырып, жұмсаған қаражаттарының бір бөлігін Банктің мобильді қосымшасында тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін қолдануға болатын бонустар түрінде қайтарады.
Енді балалар киімдерін, аксессуарлар мен тауарларды Банк картасы арқылы сатып алу төрт есеге тиімді болмақ: балаларға арналған тауарларды сатып алу кезінде берілетін бонустардың мөлшері 5% - дан 20% - ға дейін ұлғайтылды.
Таксимен жүру Банк клиенттеріне 7% бонус береді. Жалақы карталарын ұстаушыларға еліміздің барлық АЖҚС-інде 5% бонус және супермаркеттерде сатып алулар үшін 3% бонус беріледі.
Жоғары бонустар киім дүкендерінде, медициналық мекемелер мен дәріханаларда, азық-түлік жеткізу қызметтерінде, кафелер мен мейрамханаларда қызметтер мен тауарларға ақы төлеу кезінде де беріледі.
15%-ға дейін қосымша бонустарды онлайн-кинотеатрларға, музыка мен фильмдерге, жиһаз сатып алуға төлем жасау арқылы алуға болады. Alatau City Bank-пен білім алу және саяхаттау бұрынғыдан да тиімді.
Бейілділік бағдарламасы базалық бонустардың бірнеше деңгейлерін қарастырады, олардың аясында жоғары бонустары бар санаттарды таңдауға болады:
Silver — 1%* және таңдауға 1 санат,
Gold — 1%** және таңдауға 2 санат,
Premium — 1%*** және таңдауға 4 санат.
Жалақы жобасының клиенттері үшін бонус сомасы 2 %-ды құрайды****.
Alatau City Bank POS-терминалдарында QR-код арқылы төлеген жағдайда бонустар Silver санатындағы клиенттер үшін 1%*, Gold үшін 1,5%** және Premium үшін 2,5%*** құрайды.
Картаны неғұрлым белсенді қолдансаңыз, соғұрлым көп пайда таба аласыз.
Ескертпе:
* Бонустық бағдарламадағы «Silver» деңгейі үшін – айына 15 000 (он бес мың) Бонустан аспайды;
** Бонустық бағдарламадағы «Gold» деңгейі және «Family» өнімі бойынша – айына 25 000 (жиырма бес мың) Бонустан аспайды;
*** «Premium» деңгейі үшін – айына 40 000 (қырық мың) Бонустан аспайды;
**** «Private banking» сегментіне жататын клиенттер, сондай - ақ премиальды жалақы картасының ұстаушылары үшін – айына 50 000 (елу мың) бонустан аспайды.