«Alatau City Bank» АҚ мемлекеттік қайта тіркеу туралы
Алматы, 16 маусым 2025 жылы – Осы хабарлама арқылы «First Heartland Jusan Bank» АҚ атауының «Alatau City Bank» АҚ болып ауысуының заңды рәсімінің аяқталғанын хабарлаймыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ 2025 жылғы 16 маусымда атауының өзгеруіне байланысты Банкті мемлекеттік қайта тіркеуді өткізді.
Банк атауын ауыстыру бойынша қажетті іс-шаралар жалғасып жатқанына және оларды іске асыру үшін біршама уақыт қажет болуына байланысты, жеке сервистерде, ақпараттық жүйелерде, коммуникациялық материалдарда, қаржылық және басқа құжаттарда Банктің жаңа атауы да, бұрынғы атауы да пайдаланылуы мүмкін.
Банк мемлекеттің, клиенттер мен серіктестердің алдындағы өзінің барлық міндеттемелері өзгеріссіз қалатынын, ребрендинг сервистер мен өнімдердің жұмысына әсер етпейтінін ерекше атап өтеді.