Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 17 маусым
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Өзінің іскерлік беделін қорғау ретінде Jusan Bank-тің БАҚ-тағы жарияланымдар бойынша ресми позициясы


Jusan Bank-тің іскерлік беделін қорғау мақсатында Банк 2021 жылғы 29 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотына ЖК «Мейнстрим» арқылы kazvedomosti.kz интернет ресурсына иелік ететін азамат Сурганов Валерий тарапынан жала жабу туралы арыз-талап бергенін хабарлауды жөн көреді. Арыз-талап берудің негізі – проблемалық борышкер - «Алтын Сөре Астана» ЖШС-пен қарым-қатынастарға байланысты Jusan Bank туралы шындыққа сай келмейтін және беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты 2019-2021 жылдар аралығындағы кезеңде бірнеше рет жариялауы.    

Соттық анықтау жұмыстары басталғаннан кейін де, өкінішке орай, kazvedomosti.kz интернет ресурсы фактілерді және Jusan Bank жайлы ақпаратты  бұрмалай отырып негативке толы және банктің беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жариялауын жалғастырды.  Жекелей алғанда,   Алматы қаласындағы қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Jusan Bank  тонаушылардан аман қалып, залал келтірілмегені туралы ақпарат жарияланып жүр. kazvedomosti.kz  интернет ресурсының барлық мақалалары ағымдағы соттық анықтау жұмысының материалдарына тіркелді. 

Сонымен қатар, В.Сурганов  мырза 2011 және 2017 жж. бірнеше рет сотты болып, Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларына жала жапқаны үшін кінәлі деп танылғанын атап өткіміз келеді. 

 

Корпоративтік коммуникациялар қызметі

Jusan Bank