Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығымен қайтарылды.
Шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру.
Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асыруды жалғастыруда.
Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Өткен жылдың табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді.
Jusan Bank баспасөз қызметі: press-service@jusan.kz