Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 17 маусым
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум


Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз! 

Жиі қойылатын сұрақтар

Референдум туралы ақпарат

  • Конституцияға енгізілетін өзгерістер жөніндегі республикалық рефендумда сағат 7:00 – 20:00 дауыс бере аласыз.
  • Өзіңізбен жеке күәлігіңіз болсын.
  • Конституцияға енгізілетін өзгертулер жөнінде election.gov.kz сайтынан толық біле аласыз.

Республикалық референдумда кім дауыс бере алады

  • Республикалық референдумда он сегіз жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс бере алады.
  • Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар дауыс бере алмайды.

Шетелде жүрмін. Республикалық референдумда дауыс бере аламын ба?

  • Сіз өзіңіз жүрген шет мемлекеттегі учаскелік сайлау коммисиясына баруыңыз керек - сізді сайлаушылар тізіміне енгізген соң дауыс бере аласыз.
  • Мекенжайларды ҚР СІМ сайтынан таба аласыз. Өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы керек.

Мен басқа учаскеде дауыс бере аламын ба? Басқа аймақта ше?

  • Иә. Сізге күні бұрын 2022 жылғы 20 мамыр - 4 маусым аралығында өзіңіздің сайлау учаскеңізге барып, дауыс беру қүқығын беретін есептен шығару куәлігін алуыңыз керек. Осы құжатпен сіз басқа елді мекендегі кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз.
  • Сайлау учаскесін бір елді мекеннің шегінде өзгертуге болмайды.