Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 17 маусым
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Jusan қосымшасында құрылыс салушыларды тексеру сервисі пайда болды

2025 жылғы наурыздан бастап Jusan қосымшасында мемлекеттік қызметтер бөлімінде «Құрылыс салушыларды тексеру» сервисі іске қосылды. Жаңа сервисті Jusan Bank Қазақстан Тұрғын үй Компаниясымен (ҚТК) бірлесіп әзірледі және құрылыс салушыда КТҚ берген кепілдіктің немесе салынып жатқан баспанаға үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктен рұқсаттың бар/жоқтығын тексеруге мүмкіндік береді. 

Тексеру үшін компанияның атауын (кемі 4 таңба болуы тиіс) немесе оның БСН-ін теру керек. Егер құрылыс салушыда ҚТК кепілдігі немесе әкімдіктің рұқсаты болса,  сервис құрылысы аяқталған және салынып жатқан объектілер туралы ақпаратты, оның мекенжайын, құрылыс мерзімін, рұқсат беру құжаттарын беру туралы деректерді көрсетеді.

«Банк ретінде бізге өз клиенттерімізге тек сапалы қаржылық және қаржылық емес қызметтерді ұсыну ғана емес, кез келген мәселелерде олар үшін сенімді серіктес болу да өте маңызды. Жаңа сервис клиенттерімізге құрылыс салушыларды тексеру мүмкіндігін ұсынатынына және салынып жатқан баспанаға инвестиция салған кезде олардың тәуекелдерін азайтуға көмектесетініне өте қуаныштымыз» -деп Өнімдер әзірлеу департаментінің Chief Product Owner Артем Есин мобильді қосымшаның функционалының кеңейтілгеніне қатысты өз пікірін білдірді.