Alatau City Bank AIX-те коммерциялық қағаздар бағдарламасын тіркеген алғашқы эмитент болды.
Alatau City Bank айналыс мерзімі 6 және 12 айды құрайтын коммерциялық дисконттық қағаздар шығаруды жүзеге асырды.
2025 жылғы 28 шілдеден бастап коммерциялық дисконттық қағаздар сауда-саттыққа жіберілді және Astana International Exchange Limited (Астана Халықаралық қаржы орталығының биржасы) ресми листингіне енгізілді.
Биржада сәйкестендіру үшін шығарылымдарға тикерлер мен халықаралық ISIN кодтары тағайындалды:
• ISIN KZX000004858 (ALTCB1.0126) - 6 ай
• ISIN KZX000004866 (ALTCB2.0726) - 12 ай
AIX-тегі листинг инвесторларға ашық нарықтық жағдайлары бар сенімді қысқа мерзімді құралға қол жеткізуді қамтамасыз етеді және Қазақстандағы корпоративтік борыштық қағаздар нарығының дамуына ықпал етеді.