Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 17 маусым
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микроредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары

Құрметті клиенттер!

 «Jusan Bank» АҚ Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы №55 қаулысымен бекітілген 2024ж. 1 қыркүйектен бастап «Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микроредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары» (бұдан әрі −Қағидалар) күшіне енетінін хабарлайды. Құжат Қазақстан Респубкликасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде орналастырылған. 

Жұбайының (зайыбының) банктік қарыз алуға келісімі қажет болатын банктік қарыздың ең төмен мөлшері (қайта қаржыландыруға жататын қарыздарды қоспағанда) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. 

Кредитор жеке тұлғаға (бұдан әрі – клиент) кредит бергенге дейін уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы клиенттің тіркелген некесінің (ерлі-зайыптылығының) болуы туралы ақпаратты тексереді не кредиттік бюролардан АЖ-да қамтылған ақпаратты алады.

Клиенттің жұбайының (зайыбының) клиентке кредит беруге келісімі (бұдан әрі – Келісім) Қағидалардың 2-тармағына сәйкес ақпаратты алған сәтте АЖ-да клиенттің тіркелген некесі (ерлі-зайыптылығы) туралы ақпарат болған кезде талап етіледі, бұл туралы кредитор "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" немесе "микроқаржы қызметі туралы"Қазақстан Республикасы заңдарының баптарына сілтемелерді көрсете отырып клиентке және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) міндетті түрде хабарлайды.

Келісім еркін жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда ресімделеді және қызметтің мынадай міндетті шарттарын қамтиды":
1) Келісімді ресімдеу күні;
2) клиент және оның жұбайы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) кредит туралы мәліметтер: сыйақы мөлшерлемесінің сомасы, мерзімі, мөлшері (жылдық пайызбен не тіркелген сомамен), сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.

Қағаз жеткізгіште ресімделген келісімге клиенттің жұбайы (зайыбы) немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адам қол қояды.

Клиенттің жұбайы (зайыбы) кредитордың бөлімшесіне бару мүмкіндігі болмаған кезде нотариат куәландырған нысанда қағаз жеткізгіште келісім беруге жол беріледі.

Электрондық түрде ресімделетін келісім кредитордың қызметтерін қашықтықтан көрсетудің бағдарламалық қамтамасыз етуі не клиенттің жұбайының (зайыбының) биометриялық сәйкестендірілуін қамтамасыз ете отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

Кредитор қызметтерін қашықтықтан көрсетудің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану кезінде клиенттің жұбайын (зайыбын) биометриялық сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының қызметтерін пайдалану арқылы немесе кредитордың құрылғылары арқылы алынған биометриялық деректер бойынша жүзеге асырылады.

Электрондық түрде ресімделетін келісімді клиенттің жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы ұсынған электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.

Клиенттің жұбайының (зайыбының) кредитор шешімінің қолданылу мерзімі ішінде Қағидаларда көзделген әрекеттерді жүзеге асырмауы жұбайының (зайыбының) клиентке кредит беруден бас тартуы болып табылады.

Мұндай кредит берілгенге дейін кредит берушінің әр кредитке келісім алуы қажет.

Кредитор клиенттің банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін келісімнің сақталуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін Банктің call-center мамандарына хабарласу қажет (7711).