Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English

Күні бойынша сүзу

  • 17 маусым
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Ағымдағы шотқа қызмет көрсету бөлігінде жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шарттарын орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарлама

Құрметті жеке тұлға клиенттер!

«Jusan Bank» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 29-бабы 1-тармағы), Клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған, сондай-ақ клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайларда, Банк банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы екендігіне назарларыңызды аударады.

Жоғарыда мазмұндалған ақпаратты назарға ала отырып, осы арқылы Банк Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартын ("Jusan Bank" АҚ-та 2019 жылғы 29 сәуірден бастап ашылған ағымдағы шоттар шеңберінде), Жеке тұлғамен жасалған банктік шот шартын және Жеке тұлғаның ағымдағы шот ашу және төлем карточкасын шығару шартын ("АТФ Банк" АҚ-та 2014 жылғы сәуірден бастап ашылған ағымдағы шоттар шеңберінде) ағымдағы шотқа (оның ішінде төлем карточкасы пайдаланылатын ағымдағы шоттарды) қызмет көрсету бөлігінде орындаудан біржақты тәртіпте  бас тартатынын, сондай-ақ бір жылдан астам қаражат болмаған және шот бойынша ақша қозғалысы болмаған ағымдағы шоттарды осы хабарламаны орналастырған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң жабатынын хабарлайды.