Дауыс көмекшісі

Күні бойынша сүзу

  • 14 қараша
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Alatau City Bank алаяқтықпен күрес бойынша жетістіктері үшін «Антифрод көшбасшысы» атанды

Central Asia Fintech Summit 2025 аясында «Алаяқтықпен күрес бойынша жыл көшбасшысын» марапаттау рәсімі өтті.  Осы беделді байқауда ҚР Ұлттық Банкінің Антифрод – орталығының «Антифрод-көшбасшы» номинациясы бойынша ең көп залалдың алдын алғаны үшін Alatau City Bank марапатталды.

Банк алаяқтық белгілері бар транзакциялар мен жөнелтушінің шотындағы ақша қаражатын сақтау бойынша ең жоғары нәтиже көрсетіп, аталған санатта үздік деп танылды.

Күдікті операцияларды анықтаудағы кәсіби біліктілігі мен жедел әрекеті үшін марапатты банк өкіліне ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Берик Шолпанкулов табыстады.

Рейтингте Ұлттық Банктің Антифрод-орталығының барлық қатысушыларының, атап айтқанда 23 ЕДБ, сондай-ақ алаяқтық операцияларға қарсы әрекет ететін МКҰ\МҚҰ жұмыс көрсеткіштері ескерілді.

«Alatau City Bank-ке сенімді серіктестік пен ортақ іске қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бірлескен жұмыстың арқасында маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. «Alatau CityBank» АҚ-ты ең көп залалдың алдын алғаны үшін «Антифрод-көшбасшы» номинациясы бойынша лайықты жеңісімен құттықтаймыз. Бұл марапат біздің ынтымақтастықта бағалайтын кәсібиліктің жоғары деңгейін және кемелдікке ұмтылуды растайды. Командаңызға табыс, даму және өркендеу тілейміз», - деп атап өтті Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма Төрайымы Жанар Самаева.

ҚР ҰБ Антифрод-орталығы алаяқтықпен күресу үшін қаржы ұйымдарын, құқық қорғау органдары мен байланыс операторларын біріктіреді. ҚР ҰБ Антифрод - орталығында Alatau City Bank-ті Fraud Prevention департаменті ұсынады.