Дауыс көмекшісі

Күні бойынша сүзу

  • 03 наурыз
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Alatau City Bank қолданбасында енді пітір садақа беруге болады

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында қолданбамызда Қазақстан аумағындағы 800-ден астам мешітке пітір садақа мен басқа да садақа түрлерін жіберу мүмкіндігі қосылды.

Садақа беру жолы:
1. Alatau City Bank қолданбасында «Төлемдер» бөліміне кіріңіз
2. «Қайырымдылық» тармағын таңдаңыз
3. Қажет мешіт пен төлем түрін таңдаңыз
4. Төлеңіз

Пітір садақа Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. Биыл халық 19 ақпаннан 19 наурызға дейін ауыз бекітеді. Садақа мөлшерін жыл сайын Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы белгілейді. 2026 жылы ол 735 теңге болады.

Қолданбада Қазақстан мешіттеріне садақа беру мүмкіндігі Ораза аяқталғаннан кейін де қала береді.

Alatau City Bank барша мұсылман қауымды келе жатқан Рамазан айымен құттықтайды. Еліміз аман, жұр­тымыз тыныш, халқымыздың берекесі арта бергей.