Дауыс көмекшісі

Күні бойынша сүзу

  • 19 қараша
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Санатты таңдаңыз

Жаңалықтар санаттары

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Alatau City Bank-тен Kairat — Olympiacos матчына билеттер ұтып алыңыз

Alatau City Bank халықаралық Mastercard төлем жүйесімен бірлесе отырып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде Алматының Kairat және Грекияның Olympiacos клубтары арасында өтетін футбол матчына билеттер ойнатады. Сегіз жеңімпаз 2025 жылғы 9 желтоқсанда Astana  Arena  стадионында өтетін ойынды тамашалау мүмкіндігіне ие болады. 

Ұтыс ойынына қатысу үшін Банк клиенттері 2025 жылғы 17 – 30 қараша аралығында Mastercard Alatau City Bank картасымен 5 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн немесе офлайн сатып алу жасауы қажет. Кез келген сатып алулар, соның ішінде Apple Pay және Google Pay арқылы жасалған төлемдер де ескеріледі.  Транзакциялар неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Акцияға қолма-қол ақша алу, карталар мен депозиттерге ақша аудару, әмияндарды толықтыру, айыппұлдарды төлеу, сондай-ақ құмар ойындары мен лотереяларға байланысты операциялар қатыспайды.

Ұтыс ойынына Мемлекеттік қызметкерлерді, Банк қызметкерлерін, олардың жақын туыстары мен үлестес тұлғаларын, сондай-ақ Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды және акцияны ұйымдастыруға қатысы бар тұлғаларды қоспағанда, Alatau City Bank-тің 18 жастан асқан барлық клиенттері қатыса алады.

Сегіз жеңімпаз 2025 жылғы 2 желтоқсанда, сағат 15.00-де Банктің ресми Instagram парақшасының тікелей эфирінде рандомайзер арқылы анықталады.

Ұшып келу/қайту, трансфер, тұру сияқты қосалқы шығындарды жеңімпаз өзі төлейді.