Alatau City Bank Sandyq жинақтаушы депозитін іске қосады
Alatau City Bank белгілі бір тәртіпте қаражат жинауды жоспарлайтын клиенттерге бағытталған жаңа Sandyq жинақтаушы депозитінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Депозит 6 айға дейінгі мерзімге теңгеде ашылады және қаражатты толықтыру немесе ішінара алу қарастырылмайды. Салымның минималды сомасы 10 000 теңгені құрайды. Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 16,5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) — 17,7% - дан 17,8% - ға дейін.
Жаңа өнім кірістілікті бекітіп, салым мерзімі аяқталғанға дейін жинақтарының кенеттен туындайтын шығындарға жұмсалып кетпеуін қалайтын клиенттер үшін таптырмас құрал.
Sandyq депозитін Alatau City Bank сервистері арқылы ресімдеуге болады.