2025 жылы шағын бюджетпен іске асатын үздік бизнес-идеялар

Тәжірибе мен талпыныс — табысқа апарар қос қанат

2025 жылы шағын бюджетпен іске асатын үздік бизнес-идеялар

Ірі қаржысыз да өз ісін бастау мүмкін. Ең маңыздысы — өзекті идея, қажетті дағдылар мен әрекетке деген ынта. Шағын бюджетпен бастауға болатын бизнес бағыттарын осы мақалада талқылаймыз.

Тұрмыстық қызметтер саласы

Адамдар тұрмыстық мәселелерді шешуде әрдайым көмекке зәру. Сондықтан бұл сала нарықтағы тұрақты бағыттардың бірі болып саналады — маусымдық өзгерістер мен экономикалық жағдайларға да тәуелді емес.

Ұсақ жөндеу жұмыстары

Шығындар: 50 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер: негізгі құралдар жинағы (бұрғылар, бұрамалар, балғалар және басқа да құралдар), сондай-ақ жөндеу дағдылары

Бұл бизнес ұсақ жөндеу мен монтажды қамтиды: тұрмыстық техниканы орнату және жөндеу, жиһаз құрастыру, сантехниканы, есіктер мен терезелерді жөндеу. Жұмыстар үйде немесе клиенттің мекенжайында жүргізіледі. Осылайша жалға орын алмай, бастапқы шығындарды төмендетуге болады.

Клининг

Шығындар: 30 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер: тазалау және жуу құралдары, шаңсорғыш мен шүберектер сияқты арнайы жабдықтар

Клининг күнделікті жинауды да, мамандандырылған қызметтерді де қамтиды: жөндеуден кейін үй-жайды тазалау және кілемдер мен жұмсақ жиһаздарды химиялық тазалау. Бастапқыда арнайы жабдықты жалға алу арқылы шығындарды азайтуға мүмкіндік бар.

Үй жануарларын серуендету және күту қызметтері

Шығындар: 20 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер:  үй жануарларына арналған арқан, азық, бос уақыт пен жануарларға деген сүйіспеншілік

Мұндай қызметтерге сұраныс әсіресе жұмыс кестесі тығыз адамдар арасында көп.

Тапсырыс бойынша үйден дайын тамақ жеткізу

Көбісі тамақ дайындауға уақыты таппайды. Сондықтан үй тағамдарын жеткізу қызметі әрқашан сұранысқа ие болады. Алайда, тамақпен жұмыс істегенде СЭҚ-тің рұқсатын алу міндетті екенін ұмытпаған жөн.

Шығындар: 50 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер: ас үйдің негізгі құралдары, қажетті өнімдер, тамақ үшін контейнерлер мен лачн-бокстар сияқты арнайы қаптама

Салауатты тамақтану мәзірі

Көптеген адамдар дұрыс тамақтануды қалайды, бірақ теңдестірілген мәзірді жасау кейде қиындық туғызуы мүмкін. Бұл сала үй тағамдарын тапсырыс бойынша дайындаумен айланысатын ерекше бағыт болып табылады.

Клиенттерге ұсынуға болатын негізгі мәзір түрлері:

  • калория бойынша есептелген бір күндік рацион
  • спортшыларға арналған жоғары белокты тағамдар
  • диеталық тамақтану — диабет, гастрит және басқа да жағдайлар үшін

Сыйлық қораптары

Шоколадқа батырлыған құлпынай, жаңғақтар, жеміс композициялары, шай немесе бал салынған қораптар кез келген мерекеге әмбебап сыйлық болып табылады. Азық-түлік пен қаптаманы көтерме бағамен сатып алу арқылы шығындарды азайтып, бизнесті үйден жүргізу оңай әрі тиімді болады.

Қайта өңдеу үшін қоқыс жинауды ұйымдастыру

Шығындар: 100 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер: автокөлік, қоқыс қаптары, қоқысты дұрыс сұрыптау дағдылары

Көптеген адамдар экология мәселесіне алаңдайды, бірақ қоқысты дұрыс сұрыптап, қайта өндеуге тапсырудың жолдарын білмейді. Қоқысты бөлек жинау қызметін ұйымдастыруға болады. Ол үшін қайта өңделетін заттарды қабылдайтын пункттермен жұмыс шарттарын алдын ала анықтап, сұрыптау талаптарын нақтылау қажет.

Интернет арқылы жылжыту

Telegram-да чат-боттарды жасау

Шығындар: 5 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер: интернетке қосылған компьютер, чат-боттармен жұмыс істеу дағдылары

Telegram-боттар әртүрлі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді — сату мен клиенттерге қызмет көрсетуден бастап, білім беру мен ойын-сауық сервистерін ұйымдастыруға дейін. Қарапайым чат-боттарды арнайы дағдыларынсыз, тегін құралдар (мысалы, ManyChat, Chatfuel) арқылы жасауға мүмкін. Осылайша шағын бизнес үшін чат-боттар жасау қызметін ұсынуға болады.

Диджитал-маркетинг

Шығындар: 30 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер: смартфон, шығармашылық пен ілгерілету негіздері

Интернетте контент жасап, оны жылжыту жолдарын менгерсеңіз, бұл бизнес үшін тиімді құралға айналуы мүмкін. Шағын компаниялар жиі әлеуметтік желілердегі парақшаларын жүргізуде көмекке мұқтаж. Оларға жазбалар әзірлеп, мақсатты жарнамаларды орнатуға көмек көрсетуге болады.

TikTok блогері болу

Шығындар: 30 000 теңгеден бастап

Қажет нәрселер: камера, жарықтандыру жабдығы және видео монтаждау дағдылары

TikTok жаңадан бастаушыларға контентті ақшаға айналдыруға, тікелей эфирлер арқылы кіріс алуға және брендтермен серіктестік орнатуға жол ашады. Қызықты тақырыпты таңдап, алаңда тұрақты түрде белсенді болу жеткілікті.

 

Дұрыс әрі тартымды бағытты таңдап, жаңа мүмкіндіктерді сынауға дайын болсаңыз, бизнесті ірі салымдарсыз да бастауға болады. Белгілі бір дағды немесе білімді ұсақ жөндеу немесе әлеуметтік желілерде ілгерілету сияқты қызметтерге айналдырып, табысқа жетуге болады. Бастапқы кезеңде ақпаратты ұзынқұлақ арқылы таратып, компанияны бартер негізінде жарнамалауға болады. Болашақта маркетингке арнайы бюджет бөлу маңызды.