Клиенттерден криптовалютамен төлем қабылдау

Шешім — Alatau City Bank ұсынған Crypto Pay қызметі

Клиенттерден криптовалютамен төлем қабылдау

Әлия кофе алу үшін кезекте тұр. Банк картасында ақша жоқ, ал жалақысына әлі екі күн бар. Бірақ криптоәмиянында біраз қаражат қалған. Бір латте үшін валюта сатқан тиімді емес. Оның үстіне, енді мұның керегі де жоқ: Әлия телефонымен QR-кодын сканерлеп, криптовалютамен төлейді, ал сатушы ақшаны бірден теңгемен өз шотына алады.

Бұл Alatau City Bank-тің Crypto Pay қызметі. Оның мәні мен қосылу жолдарын айтып береміз.

Crypto Pay деген не?

Crypto Pay powered by Binance Pay криптовалютамен төлем қабылдауға мүмкіндік береді.

Клиент тауар немесе қызмет үшін Binance Pay арқылы цифрлық активтермен төлейді, ал сіз түсімді теңгемен аласыз. Криптовалютамен тікелей жұмыс істеудің қажеті жоқ — QR-коды бар өзіңізге үйреншікті POS-терминалды пайдалану жеткілікті.

Реттеуші талаптарға сай ма

Crypto Pay қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жұмыс істейді. Төлемдерді қабылдау және өңдеу ҚР Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі (құмсалғыш) аясында жүзеге асырылады, ал клиенттің цифрлық активтерімен жасалатын операциялар AIFC реттейтін Binance Kazakhstan цифрлық активтер платформасы арқылы жүргізіледі.

Бұл төлем барысында әр кезеңнің ашық өтуін қамтамасыз етеді.

Crypto Pay қызметінің мәні

Клиент Binance қолданбасын ашып, Alatau City Bank POS-терминалындағы QR-кодын сканерлеп, төлемді растайды.

Сіздің шотыңызға ақша бірден теңгемен түседі, криптовалюта, бағамның құбылуы, шығын қаупі немесе транзакциялардың қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ.

Сервистің бекітілген комиссиясы — 1,2% және ол бизнес түріне байланысты өзгермейді.

Crypto Pay қызметі Alatau City Bank-тің сауда эквайрингін пайдаланатын бизнес-клиенттерге қолжетімді.

Crypto Pay қызметіне қосылу

Crypto Pay қызметін Alatau City Bank Business мобильді қолданбасында қосуға болады. Ол үшін сіз банк клиенті болуыңыз және Tole сауда эквайрингін пайдалануыңыз қажет. Шот пен POS-терминал онлайн рәсімделеді. Барлығы бір күннен артық уақыт алмайды: өтінімді осында рәсімдеуге болады.

Аталған шарттар орындалғаннан кейін жасалатын қадамдар:

  1. Alatau City Bank Business мобильді қолданбасындағы «Эквайринг» бөліміне кіресіз.
  2. Crypto Pay қызметін қосуға өтінім бересіз.
  3. Дерегіңізді тексеріп, ақша түсетін шотты таңдайсыз.
  4. Өтінімге SMS-код арқылы қол қоясыз.
  5. Push-хабарлама немесе SMS аласыз.
  6. Дайын! Енді клиенттерден криптовалютамен төлем қабылдай аласыз.

Crypto Pay арқылы төлем қалай өтеді

Сатушы үшін төлем барысы

Қызметке қосылғаннан кейін төлем Alatau City Bank Tole қолданбасы арқылы жүзеге асырылады:

  • сатып алу сомасын енгізесіз
  • жүйе QR-кодын жасайды
  • клиент QR-кодын сканерлеп, Binance қолданбасы арқылы төлемді растайды
  • төлемнен кейін сіз бірден «Сәтті төленді» деген күйді көресіз
  • қажет болған жағдайда чек жасап, жібере аласыз

Клиент үшін төлем барысы

Барлығы оңай:

  • клиент Binance қолданбасында кіріп, аккаунт ашады
  • Alatau City Bank POS-терминалындағы немесе Tole мобильді терминалындағы QR-кодын сканерлейді
  • төлемді растайды
  • төлем туралы хабарлама алады

Қосылғаннан кейінгі басқару және бақылау

Crypto Pay қосылғаннан кейін Alatau City Bank Business және Alatau City Bank Tole мобильді қолданбаларында операцияларды басқару мүмкіндігіне ие боласыз.

Жүйеде қолжетімді мүмкіндіктер:

  • барлық транзакциялар тарихы
  • басты беттегі және эквайринг бөліміндегі операциялар сомасы
  • төлемдер туралы толық ақпарат: сома, комиссия, күйі, жасалған күні, клиент дерегі
  • таңдалған кезең бойынша үзінді көшірмелер
  • тарифтер мен қызмет көрсету шарттары туралы ақпарат

Бұл барлық төлемдерді онлайн режимінде толық бақылауға мүмкіндік береді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Клиент қай криптовалютамен төлей алады?

Binance қолданбасында қолжетімді криптовалюталармен төлеуге болады.

Сатушыға криптоәмиян керек пе?

Жоқ. Ақша бірден банк шотына теңгемен түседі.

Төлем қанша уақытта өңделеді?

Сатып алушы төлемді растағаннан кейін бірнеше секундта өңделеді.

Crypto Pay арқылы төлеу қауіпсіз бе?

Иә. Барлық операция банктің қорғалған төлем жүйелері мен Binance платформасы арқылы өтеді.

Шетел азаматтарынан төлем қабылдауға бола ма?

Олар Binance қолданбасы арқылы төлесе, қабылдауға болады.