Кофеханаға масс-маркеттен сүт таңдаймыз
Капучино мен латте дайындайтындарға арнайы нұсқаулық

Сүт сапасы сусынның дәміне де, микрокөбіктің тұрақтылығына да тікелей әсер етеді. Алматы мен Астанадағы кофеханалардың басым бөлігі ультрапастерленген сүтті қолданатындықтан, оның барға қаншалықты оңтайлы екенін түсіну қажет.
Кофеханаға сүт таңдағанда нені ескеру керек
- Майлылығы
Ең дұрысы — 3,2–3,5%.
- Ақуыз
3–3,4% ақуыз мөлшерін таңдаймыз. Ақуыз микрокөбік жасауға көмектеседі: ол неғұрлым көп болса, көбік соғұрлым тығыз әрі тұрақты болады.
- Температура
Дайын көбік — 60–65°C. Салқын сүтпен көбік жақсы шығады.
Қазақстан нарығындағы сүтке шолу
- «ЭкоНива» — премиум санатындағы нұсқа. Көбігі ұсақ, тығыз әрі тұрақты, дәмі — тәтті, кілегейлі. Сапа мен тұрақтылық маңызды кофеханалар үшін мінсіз таңдау.
- БМК — ақуыз пен майлылықтың тепе-теңдігі сақталған. Көбігі тұрақты, күнделікті жұмысқа сенімді таңдау.
- Lactel — орташа баға сегменті. Дәмі жағымды, бірақ көбігі борпылдақ, тез басылады. Бағасы орташа, күнделікті жұмысқа жарамды нұсқа.
- «Бабушкина крынка» — дәмі Lactel-ге қарағанда жағымдырақ, ал көбігі қолжетімді нұсқалардың ішінде ең жақсы шығады. Дәм маңызды, бірақ бюджет шектеулі кофеханаларға жарайды.
- Kalleh — арзан сүт. Көбігі әлсіз, көпіршікті. Өзіндік құнды қадағалайтын жобаларға жарайды.
- Adal — нарықтағы ең қолжетімді нұсқа. Көбігі тұрақсыз, дәмі қарапайым. Сүт көп шығындалатын жобаларға қолайлы, бірақ латте-арт үшін жарамайды.
- «Савушкин продукт», «Простоквашино», Valio партиямен ғана кездеседі. Сапасы орта деңгейден премиум санатқа дейін, бірақ үнемі қолжетімді бола бермейді.
Майлылық дәмге қалай әсер етеді
Оңтайлы майлылық деңгейі 3,2–3,5%. Осы деңгейдегі сүтпен дайындалған сусындар мына сипатқа ие:
- тәтті
- тығыз
- көбігі біркелкі
- эспрессомен жақсы үйлеседі
2,5% төмен болса, дәмі сулы болып, көбігі құрғақ шығады. 4% және одан жоғары майлылық сусынды тым кілегейлі етіп, кофенің дәмін басып тастайды.
Берер кеңесім
Жоғары сапа — «ЭкоНива», БМК. Дәмнің тұрақтылығына мән беретін кофеханаларға таптырмас нұсқа.
Орташа нұсқа — «Бабушкина крынка», Lactel. Бағасына сапасы сай нұсқалар.
Арзандау нұсқа — Adal, Kalleh. Өзіндік құнға көбірек мән беретіндерге арналған. Латте-арт үшін жарамайды.
Қорытынды: капучино мен латте дәмі тұрақты болуы үшін:
- майлылығы 3,2–3,5%
- ақуыз мөлшері 3%+
- сенімді бренд
- көбік жасау үшін салқын сүт пайдаланамыз