Логистика компаниясын ашу тәртібі

Логистика компаниясын ашу тәртібі

Сәлеметсіздер ме! Қазақстанда логистика компаниясын ашу үшін не істеу керек? Қандай құжаттар мен рұқсаттар қажет? Қытайдан Қазақстанға және Қазақстаннан Ресейге жүк тасымалдауды ұыймдастырудың талаптары қандай?

1. Компанияны тіркеу

Компанияны ЖШС ретінде тіркеу қажет.

Лайық ЭҚЖЖ: 49.41 — «Автокөлікпен жүк тасымалдау»

2. Лицензия мен рұқсаттарды рәсімдеу

Халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын компания Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне тіркеледі. Ол үшін мына құжаттарды тапсыру керек:

  • компанияның тіркелгенін растайтын құжат
  • жүк тасымалдайтын көлік туралы мәлімет (меншік құқығы, жалға алу шарты  немесе көлікті пайдалану құқығын растайтын өзге құжаттар)
  • көлік иесі туралы ақпарат
  • көліктің техпаспорты
  • әрбір көлікке халықаралық тасымал жасауға рұқсат
  • жүк тасымалдауға берілген рұқсаттың көшірмесі

Көлік спутниктік навигация жүйесімен жабдықталып, шұғыл қызметтерді шақыру мүмкіндігіне ие болуға тиіс.

Қауіпті жүк тасымалдау үшін жеке лицензия қажет. Бұл талап Қазақстан аумағында да, халықаралық бағыттарда да қолданылады.

3. Кедендік және логистикалық рәсімдер

Қазақстанға импортталатын немесе ел аумағы арқылы транзитпен өтетін кез келген жүк кеденде тіркелуі керек. Транзит кезiнде арнайы декларация, көлiк пен тауарға қатысты жүкқұжаттар, қажет болған жағдайда тасымалдау шарты, кедендiк құжаттар, сақтандыру және басқа да құжаттар тапсырылады.

Тауарды кеденде тіркеу рәсімін кім жүргізетінін клиентпен алдын ала келісіп алған жөн. Бұл істі кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретінде логистика компаниясы немесе клиент өзі жүргізе алады. Кейде компания тек жүк тасымалдаумен айналысады. Бұл шарттар келісімшартта нақты көрсетіледі.

Бизнесті бастамас бұрын заңгерден кеңес алған жөн. 

Сәттілік тілейміз!