Alatau City Bank – Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі
Футбол – тек ойын емес, ол – миллиондаған қазақстандықтарды біріктіретін энергия көзі. Біз қазақстандық футболдың халықаралық аренадағы орнын нығайтуды ғана емес, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуды көздейміз. Бұл әріптестік балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға тың серпін бермек. Себебі ұлттық футболдың болашағы дәл осы жас таланттарды қолдаудан басталады. Біз футбол саласындағы осындай ауқымды істің басынан табылғанымызға қуаныштымыз. Ел игілігі үшін ауқымды жобаларды ҚФФ-мен бірге жүзеге асыратынымызға сеніміміз мол.
Alatau City Bank сынды қуатты серіктестің қолдауы – қазақстандық футбол үшін елеулі қадам. Бұл ынтымақтастық бізге батыл шешім қабылдауға, жобалар аясын кеңейтуге, құрамалар жүйесін нығайтып, лигаларды дамытуға мүмкіндік береді. Банк басшылығының ҚФФ-ға сенімі үшін алғыс білдіреміз. Бұл спорт пен бизнестің табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналады деп сенеміз.