Alatau City Bank өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған цифрлық картаны іске қосады
Alatau City Bank-те өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін Visa Business цифрлық картасы жеке кәсіпкерлікті тіркеусіз жұмыс істейтін 18 жастан асқан Қазақстан резиденттеріне қолжетімді. Оны банктің мобильді қосымшасы арқылы онлайн ашуға болады.
Өнім ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтын және қызметі рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін ай сайынғы табыстың 4%-ы мөлшерінде әлеуметтік аударымдарды төлеуді көздейтін арнаулы салық режимі қолданылады. Әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін белгіленген. Бұл ретте өзiне жұмыс iстейтiн адамдар жеке табыс салығынан босатылады.
Картаны тіркелген ЖК жоқ азаматтар ғана аша алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар E-Salyq Business сервисі арқылы чектерді өз бетінше қалыптастыруы қажет.
109