2026 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу тәртібі

Салық режимінің ережелері

2026 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу тәртібі

Қазақстанда қызмет көрсету және жеке тапсырыс орындау негізінде табыс алатындар саны артып келеді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай кәсіпкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде жұмыс істей алады. Осы мақалада режимді қолдану тәртібі мен шарттарын қарастырамыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған бола алатындар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — бұл кәсібін ЖК немесе ЖШС ретінде тіркемей жүзеге асыратын ҚР азаматтары мен қандастар. ЖК болсаңыз, осы режимге көшу туралы мына мақаланы оқыңыз:

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мынадай талаптарға сай болуы керек:

  • қызметкер жалдамайды
  • табысы айына 300 АЕК-ке дейін (2026 жылы 1 297 500 теңге)
  • қызметі рұқсат етілген тізімге кіреді

Салық режиміне лайық ЭҚЖЖ кодтары

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген ЭҚЖЖ кодтарының тізіміі:

01620 Мал шаруашылығын дамыту қызметі

32200 Музыка аспаптар өндірісі

43310 Сылақ жұмыстары

43320 Ағаш шебері және ағаш ұстасына байланысты қызмет

43330 Еден жөндеу және қабырға қаптау қызметі

43340 Бояу және әйнекпен байланысты жұмыс

47992 Желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда

49320 Такси қызметі

53200 Пошта және курьер қызметтері

56210 Тапсырыспен дайын тағам жеткізу

68201 Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару

74200 Фотосурет саласындағы қызмет

74300 Ауызша және жазбаша аудару қызметі

75000 Ветеринария қызметі

77290 Жеке тұтынуға арналған заттар мен тұрмыстық тауарларды жалға беру (лизингті қоса алғанда)

81211 Тұрғын үйлерді жалпы тазалау қызметі

82990 Басқа санаттарға жатпайтын қосымша коммерциялық қызметтер

85510 Спорт және демалыс саласында білім беру

85520 Мәдениет саласында білім беру

85599 Басқа санаттарға жатпайтын саладағы білім беру қызметтері

90030 Көркем және әдеби шығармашылық

95110 Компьютер мен шеткері жабдықтарды жөндеу

95120 Байланыс жабдықтарын жөндеу

95210 Электрондық тұрмыстық техниканы жөндеу

95220 Тұрмыстық аспаптарды, үй және бақшаға арналған жабдықтарды жөндеу

95231 Аяқ киім жөндеу

95232 Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу

95240 Жиһаз бен интерьер заттарын жөндеу

95251 Қолсағат және өзге де сағаттарды жөндеу

95252 Зергер бұйымдарын жөндеу

95291 Трикотаж және тоқыма бұйымдарын жөндеу

95292 Тігін бұйымдарын, бас киім және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу

95293 Тері және былғары бұйымдарын, бас киім жөндеу

95294 Музыка аспаптарын жөндеу

95295 Кілем және кілем бұйымдарын жөндеу

95296 Велосипед жөндеу

95299 Басқа санаттарға жатпайтын жеке тұтынуға арналған заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу қызметтері

96020 Шаштараз бен сән салондарына қызмет көрсету

97000 Үй қызметкелерін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі

98100 Жеке тұтынуға арналған тауар өндірумен байланысты үй шаруашылықтарының қызметі

Жалдамалы жұмыспен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтып жұмыс істеуге болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу тәртібі

Бәрі онлайн:

  1. e-Salyq Business мобильді қолданбасын жүктеп алыңыз.
  2. ЖСН-ңызды енгізіп, «eGov Mobile арқылы кіру» батырмасын басыңыз.
  3. Жұмыс форматын таңдаңыз: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі.
  4. Қызметіңіздің түрін енгізіңіз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қолданба арқылы:

  • чек шығара алады
  • салықтар мен аударымдар сомасын көре алады

Маңызды жайт: жеке тұлға бірінші чек шығарғаннан кейін автоматты түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып есептеледі.

Салықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтудың басты артықшылықтарының бірі — табыстың 4%-ы көлеміндегі салық. Толығырақ мына мақалада оқыңыз:

 

Өзін-өзі жұмыспен қамту — кәсіп бастауға немесе қосымша табыс табуға ыңғайлы тәсіл. Ол еркіндікті сақтауға, клиенттер базасын қалыптастыруға және табысты жүйелеуге мүмкіндік береді. Мұндай режимде қатаң шектеулер жоқ. Кәсіпкердің табыс көлемі немесе қызмет бағыты өзгерсе, басқа режимге ауысуға болады.