2026 жылы Қазақстанда оңайлатылған ЖК ашу

Жұмысты бастау шарттары, талаптары мен ережелері

2026 жылы Қазақстанда оңайлатылған ЖК ашу

ЖК — бұл жеке шағын бизнес ашудың ең жеңіл әрі түсінікті режимдердің бірі. Рәсімі оңай, тез-ақ тіркелуге болады. ЖК үшін ең жиі қолданылатын оңайлатылған режим 2026 жылдан бастап түбегейлі өзгереді. Кәсіп ашуды жоспарласаңыз, негізгі шарттар мен шектеулерді алдын ала білу маңызды.

Оңайлатылған режимде кім жұмыс істей алады

2026 жылдан бастап оңайлатылған режим іс жүзінде жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған режимге айналады. Себебі жалпыға бірдей белгіленген салық режиміндегі компаниялар оңайлатылған режимдегі ЖК-мен жасалатын мәмілелер бойынша шығынды есепке ала алмайды. Осыған байланысты B2B-келісімшарттардың экономикалық маңызы жоғалады.

Егер:

  • жылдық кірісіңіз 600 000 АЕК-тен аспаса (2026 жылы 2 595 000 000 теңге)
  • сіздің ЭҚЖЖ тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмесе (мұның ықтималдығы жоғары, өйткені небәрі 44 қызмет түрлеріне тыйым салынған), сіз оңайлатылған режимде жұмыс істей аласыз.

Қызметкерлер саны бойынша шектеу жоқ.

Мысалы, үй маңындағы дүкеніңіз болса, оңайлатылған режим — ең тиімді нұсқа.

Егер жылдық айналымыңыз 600 000 АЕК-тен асса (2026 жылы 2 595 000 000 теңге) немесе заңды тұлғалармен белсенді жұмыс істесеңіз, жалпыға бірдей белгіленген режимді таңдаған дұрыс.

Айналымыңыз аз болса және қызметіңіз тізімге кірсе, сіз үшін өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған режим қолайлы.

Оңайлатылған режимде жұмыс істей алмайтындар

Белгілі бір қызмет түрлеріне қойылған тыйымнан бөлек тағы бірнеше шектеу бар. Мысалы, сізде оңайлатылған режимдегі ЖШС болса, оңайлатылған режимде ЖК аша алмайсыз. Қалған шектеулер сирек кездеседі, олардың толық тізімі мына жерде берілген.

ЖК ашу тәртібі

1-қадам. ЭҚЖЖ таңдау

Тіркелмес бұрын қызмет түрін анықтау қажет. Ол үшін барлық кәсіпкерлік түрлері көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ қолданылады. ЭҚЖЖ таңдауға біздің телеграм-бот та көмектесе алады.

Сіз бір негізгі ЭҚЖЖ — басты табыс көзін таңдайсыз. Сонымен бірге қосымша қызмет түрін (бұл қызмет азырақ табыс әкеледі) және негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қосалқы қызмет түрін көрсетуге болады. Жоғарыда айтылған шектеулер тізімін ұмытпаңыз.

2-қадам. Өтініш беру

Тегін онлайн өтініш беру қажет. Сізге тек электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет болады — ЭЦҚ-ны ХҚКО-да немесе egov.kz-те алуға болады.

ЖК ашуға өтінім беру үшін мыналарды орындаңыз: 

1. ЭЦҚ арқылы elicense.kz-те авторизациялану.

2. «Қызмет көрсету» бөліміне өту → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру»

3. Деректерді толтыру: 

  • тұрғылықты мекенжай автоматты түрде толтырылады, кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайын мемлекеттік базаға сай қолмен жазып көрсетуге болады
  • ЖК атауы
  • ЭҚЖЖ 
  • салық режимі

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою.

3-қадам. ЖК тіркелгенін тексеру

Оңайлатылған режимдегі ЖК төлейтін салықтар

Оңайлатылған режимдегі ЖК табыстың 4% мөлшерінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлейді. Орналасқан аймағына қарай ЖТС-ны 2-ден 6%-ға дейінгі мөлшерде белгілеуі мүмкін. ЖТС қалай есептелетінін және оңайлатылған режимдегі ЖК тағы нені төлеу керектігін мына мақаладан оқыңыз:

12 айдағы айналым 10 000 АЕК-тен (2026 жылы 43 250 000 теңге) асып кетсе, ЖК ҚҚС есебіне тұруға міндетті. Бұл ретте оңайлатылған режимнің өзі кәсіпкерді ҚҚС төлеуге міндеттемейді: салық тек тауарларды импорттаған кезде немесе бейрезидентпен жұмыс істегенде төленеді.

2026 жылы оңайлатылған режимде жұмыс істеу көбірек дайындықты: ЭҚЖЖ-ны дұрыс таңдауды, шектеулерді тексеруді және табысты уақтылы есептеуді қажет етеді. Осы шарттар сақталған кезде, бұл режим шағын бизнесті жүргізудің ең жеңіл тәсілдерінің бірі болып қалады.