Жазда 300 000 теңгеден бастап табыс табу жолдары
Маусымдық бизнес ашу

Жаз — бизнес бастап көруге ең қолайлы кезең. Күн жылығанда саябақтар, жағалаулар мен алаңдарда серуендейтін адамдар көбейеді, соның арқасында халық көбірек ақша жұмсайды. Мақта кәмпиті, салқын сусындар, балмұздақ пен әуе шарлары жазғы серуен кезінде жақсы өтеді. Біз көп ақша салмай жүзеге асыруға болатын бизнес идеяларын жинақтадық.
Мақта кәмпитін немесе балмұздақ сату
Егер сіз мақта кәмпитін немесе балмұздақ сатқыңыз келсе, ЖК тіркеп, қызмет бастағаныңыз туралы хабарлама жіберуіңіз керек, оған қоса санитарлық кітапша алуыңыз қажет.
Егер сіз саябақтарда, гүлзарларда немесе жағалау аймағында сауда жасауды жоспарласаңыз, әкімдіктен рұқсат алуыңыз керек, әйтпесе айыппұл салынады. Алматы мен Астана қалаларында көшедегі саудаға арналған жерлер онлайн-аукциондар арқылы беріледі. Өз қалаңыздағы әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміне хабарласқан жөн.
Сондай-ақ жабдық пен өнімге қатысты құжаттар қажет:
- қауіпсіздік пен басқа талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың толық тізімі (жеткізушілерден сұрауға болады)
- жабдыққа қатысты құжаттар: жабдықтың төлқұжаты және оны сатып алғанын немесе жалға алғанын растайтын құжаттар
Санитарлық талаптарды сақтау да маңызды, ал төлем қабылдау үшін касса аппараты қажет.
Шамаланған бастапқы бюджет
Мақта кәмпиті
- Мақта кәмпитін дайындауға арналған аппарат — 70 000 теңгеден басталады
- Қорғаныш қақпағы — 15 000 теңгеден басталады
- Қант (25 кг) — 12 000 теңгеден басталады
- Таяқшалар — 5 000 теңгеден басталады
- Бояғыштар мен хош иістендіргіштер — 8 000 теңгеден басталады
- Ұзартқыш — 7 000 теңгеден басталады
- Өрт сөндіргіш — 15 000 теңгеден басталады
- Дәрі қобдишасы — 10 000 теңгеден басталады
Балмұздақ
- Фризер — (қолданыста болған) 250 000 теңгеден басталады
- Балмұздақ — 40 000 теңгеден басталады
- Вафли стақандары — 15 000 теңгеден басталады
- Шәрбаттар — 15 000 теңгеден басталады
- Балмұздаққа себетін безендіргіш — 10 000 теңгеден басталады
- Ұзартқыш — 7 000 теңгеден басталады
- Өрт сөндіргіш— 15 000 теңгеден басталады
- Дәрі қобдишасы — 10 000 теңгеден басталады
Балаларға арналған аквагрим
Аквагрим салу үшін арнайы лицензия қажет емес. Алайда ЖК ретінде тіркеліп, санитариялық кітапша алу керек.
Егер саябақта аквагрим салуды жоспарласаңыз, саябақ әкімшілігімен жалдау шартын жасасуыңыз керек.
Аквагриммен ресми түрде айналысу үшін сізге мыналар қажет:
- бояуларға арналған сапа сертификаттары немесе декларациялары
- материалдарды сатып алу туралы құжаттар
- қылқаламдар мен құралдарды өңдеу журналы (егер қайта қолданылатын болса)
- дәрі қобдишасы және дезинфекциялау құралдары
Шамаланған бастапқы бюджет
- Кәсіби бояулар — 30 000 теңгеден басталады
- Қылқалам жинағы — 8 000 теңгеден басталады
- Макияж жасайтын спонж — 5 000 теңгеден басталады
- Жылтыратқыш және макияж декор — 7 000 теңгеден басталады
- Антисептик — 5 000 теңгеден басталады
- Үстел мен орындықтар — 25 000 теңгеден басталады
- Айна — 5 000 теңгеден басталады
- Ылғалды және құрғақ майлықтар — 5 000 теңгеден басталады
Маусымдық бизнес бастамас бұрын өзіңізді чек-лист бойынша тексеріңіз:
Чек-лист
☐ бюджетті есептеу
☐ орын табу
☐ ЖК ашу
☐ жабдық сатып алу немесе жалға алу
☐ ұсақ-түйек материалдарды сатып алу
☐ төлем алу үшін QR-код қосу