ЖК-ті оңайлатылған тәртіпте қалай жабуға болады
ЖК-ті онлайн жабу кімге рұқсат етіледі, ол үшін нені дайындау керек және қандай себептермен рұқсат берілмеуі мүмкін екені туралы әңгімелейміз

Бизнесті жауып, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеуді тоқтату үшін ЖК-ті тарату қажет. Содан кейін ғана кәсіпкер ретінде қызмет атқару ресми түрде тоқтатылған болып есептеледі, ал кәсіпкердің өзі ЖК салықтары бойынша барлық міндеттемелерден босатылады.
Оңайлатылған тәртіпте ЖК-ті кімге жабуға болады
Оңайлатылған тәртіп бір мезгілде төмендегі шарттардың барлығына сәйкес келетін ЖК үшін қолжетімді:
- ҚҚС бойынша есепте тұрмау
- қызметін бірлескен кәсіпкерлік нысанында жүргізбеу;
- жекелеген қызмет түрлерімен айналыспау
- салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы жоқ;
- алдыңғы салық кезеңі үшін салық бойынша міндеттемелерін толық орындау;
- мемлекеттік кірістер органдарынан орындалмаған хабарламалар, соның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалар жоқ;
- ашық банктік шоттары жоқ.
ЖК-ті жабу алдында не істеу керек
ЖК-ті тіркеу есебінен шығару үшін негіз ретінде қызметті тоқтату туралы өтініш саналады. Оны онлайн беруге болады, бірақ салық органдары өтінішті қабылдауы үшін алдымен бизнесті жабуға дайындап, құжаттарды ретке келтіру керек.
Не істеу керек:
- Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық бойынша қарыз бар-жоғын тексеріп, бар болса, өтеу.
- ЖК-тің жабылуы жоспарланған кезең үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу.
- Барлық қызметкерлерді жұмыстан босату.
- Серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерді орындап, клиенттерден қарыздарды қайтару.
- ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығу — ол үшін салық төлеушінің кабинетінде 300.00 СЕН-ын толтырып, «тарату» ұяшығын белгілеу керек, содан кейін «ҚҚС бойынша есептен шығу»-ды белгілеп, ҚҚС бойынша тіркеу туралы өтініш беру.
- ЖК-тің банк шотын жабу.
- Онлайн касса бар болса — тіркеу есебінен шығару.
ЖК-ті онлайн қалай жабуға болады
ЖК-ті онлайн үйден шықпай-ақ жабуға болады. Ол үшін:
- Салық төлеушінің кабинетінде ЭЦҚ арқылы авторизациялану;
- «Салық есептілігі нысандары» → «Жаңа нысан толтыру» қосымша бетіне өту;
- «Тарату» белгісін көрсетіп, салықтық тарату есептілігін толтырып, МКО-ға жіберу;
- «Салық өтініші» бөліміне өту, тарату негіздемесі мен бюджеттік сыныптама кодтарын көрсетіп, қызметті тоқтату туралы өтініш беру
ЖК-ті оңайтылған тәртіпте жабуға қандай жағдайларда рұқсат етілмейді
Қандай себептермен ЖК-ті тіркеу есебінен шығаруға рұқсат берілмеуі мүмкін:
- егер ЖК оңайлатылған тәртіп шарттарына сәйкес келмесе
- егер тарату туралы өтініш берілген күннен бастап 3 күн ішінде есептілік, банк шотын жабу туралы анықтама және мөрді жою туралы акті уақытында берілмесе
- егер тарату туралы өтініш берілген күннен бастап 10 күн ішінде салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленбесе
- егер кәсіпкердің банктік шоттары немесе онлайн-кассасы жабылмай қалса, не болмаса міндетті салық есебі тапсырылмаса, ЖК-ті жабудан бас тартылуы мүмкін
ЖК жабылғаны туралы қалай білуге болады
ЖК-тің таратылу күйін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы «Салық төлеушіні іздеу» сервисі арқылы тексеруге болады.