Алаяқтық схемаларға дропперлер ретінде қатысқаны үшін жауапкершілік туралы хабарлама
Құрметті клиенттер!
«Alatau City Bank» АҚ алаяқтық схемаларға дропперлер ретінде қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілгенін хабарлайды.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның 25-бабының 14-тармағына сәйкес, банк клиенттеріне тыйым салынады:
1) үшінші тұлғалардың төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруына қолжетімділік алуына алып келген, үшінші тұлғаларға банк шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті ұсынуға, сондай-ақ төлем құралын не сәйкестендіру құралын беруге, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғаларға осындай қолжетімділікті беруді қоспағанда;
2) Жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда өзге де тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалануды қоспағанда, үшінші тұлғалардың банктік шотын, төлем құралын не сәйкестендіру құралын пайдалана отырып, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
3) Клиентке материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін үшінші тұлғаның мүддесінде немесе үшінші тұлғаның пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға.
Жоғарыда баяндалған нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік ҚР ҚК 232-1-бабында белгіленген және материалдық айыппұлдан бастап мүлкін тәркілей отырып 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жауапкершілікті көздейді.
Сонымен қатар, рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында банктік шотты не төлем құралын, не сәйкестендіру құралын басқаруға қолжетімділікті заңсыз сатып алу үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
🚫 Дроппер болу дегеніміз — бұл:
- алаяқтардың пайдалануы үшін өзінің банктік картасын, есеп айырысу шотын, электрондық әмиянын беру немесе ЖК (жеке кәсіпкерлік) ресімдеу;
- басқа біреудің ақшасын сыйақы алу мақсатында өз шотына аударғызу және оны әрі қарай басқа адамға аударып жіберу.
Бұл әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын қылмыс ретінде саралануы мүмкін.
Өзіңізді қорғау бойынша ұсыныстар:
- Логиндерді, парольдерді, карталарды және кодтарды ешқашан үшінші тұлғаларға бермеңіз.
- Ақша аударымдары арқылы «оңай ақша табуға» келіспеңіз.
- Үшінші тұлғалардың кез келген күдікті ұсыныстары туралы Банкке хабарлаңыз.
Тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс арналары:
Call-орталық: 7171 (мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін);
+7 (717) 258-77-11 (ҚР аумағынан тыс жерде жүрген болсаңыз);
info@alataucitybank.kz (болған оқиғаны егжей-тегжейлі сипаттап, кері байланысу үшін деректерді қалдырыңыз);
antifraud_doc@alataucitybank.kz (алаяқтық жағдайына тап болсаңыз, сұрақтар қоюға арналған канал).
Кез келген қаржы операциясын жасау кезінде абай болыңыз, қылмыстық әрекетке қатыспаңыз!