Банкоматтар мен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
«Alatau City Bank» АҚ клиенттердің назарын банкоматтармен, терминалдармен және басқа да өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне аударады. Алаяқтар карта деректері мен қолма-қол ақшаны ұрлаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады, сондықтан операцияларды орындау кезінде мұқият болу керек.
✅ 1. Құрылғымен жұмыс жасамас бұрын
Картаны салмас бұрын немесе операцияны бастамай жатып мынаны тексеріңіз:
• банкоматта немесе терминалда зақымдаулар, сызаттар, ашу іздері жоқ;
• пернетақтада жапсырма құрылғылар немесе ерекше элементтер жоқ;
• картаны қабылдағыш салбыраңқы, шығыңқы болып тұрған жоқ және «үстінен қабатталып салынған» болып көрінбейді;
• экранның немесе пернетақтаның жанында жасырын камералар ретінде орнатылатын бөгде заттар жоқ;
• құрылғының айналасында қарауға немесе көмектесуге тырысатын күдікті адамдар жоқ.
Егер құрылғының сыртқы көрінісі күмән тудырса — операциядан бас тартып, басқа банкоматты таңдаңыз.
✅ 2. ДСН кодты қорғап, көрінбейтіндей теріңіз
ДСН-кодты терген кезде:
• пернетақтаны қолмен жауып тұрыңыз;
• егер біреу тым жақын тұрса, ДСН-кодты енгізбеңіз;
• ДСН-кодты үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз, тіпті олар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырса да.
Банк қызметкерлерінің ДСН-кодыңызды сұратуға құқығы жоқ.
✅ 3. Бөтен адамдардың көмегіне жүгінбеңіз
Мынадай іс-әрекеттерді жасаудан аулақ болыңыз:
• бөтен адамдарға операцияны жасауға «көмектесуге» мүмкіндік беру;
• картаны бөтен адамның қолына беру;
• басқа адамға естірте отырып деректерді енгізу.
Егер құрылғы қателік көрсетсе — картаны алып, Банктің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
✅ 4. Құрылғының жұмыс жасаудағы теріс ерекшеліктеріне назар аударыңыз
Құрылғының қасақана бұзылғанының не басқа біреулер қолжетімділік алғанның белгілері:
• банкомат баяу жұмыс істейді немесе қатып қала береді;
• экранда біртүрлі хабарламалар шыға береді;
• құрылғы картаны немесе ақшаны қайтармайды;
• шерту сияқты немесе басқа механикалық дыбыстар естіледі.
Бұл жағдайда операцияны бірден тоқтатып, Банкке хабарласыңыз.
✅ 5. Төлем терминалдарын пайдаланған кезде абай болыңыз
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы төлеу кезінде:
• деректемелердің дұрыстығын тексеріңіз;
• күдікті экрандарға карта деректерін енгізбеңіз;
• егер ол қателерді көрсетсе немесе қайта жүктелсе, терминалды пайдаланбаңыз.
✅ 6. Операцияларыңызды үнемі тексеріп отырыңыз
Банкоматтар мен терминалдарды қолданғаннан кейін мынадай іс-әрекеттер жасауды ұсынамыз:
• мобильді қосымшадағы операциялар тарихын қарау;
• шот бойынша барлық қозғалыстарды бақылап отыру үшін push-хабарламаларды қосып қою;
• күдікті есептен шығарулар анықталған жағдайда Банкке дереу хабарлау.
Егер сіз күдікті операцияларды байқасаңыз, біртүрлі қоңырау немесе хабарлама алсаңыз немесе алаяқтар сіздің деректеріңізге қол жеткізуге тырысады деп ойласаңыз, мына қадамдарды дереу орындауды ұсынамыз:
Банктің мобильді қосымшасында картаны бір рет басу арқылы бұғаттап тастаңыз.
Банктің Call‑орталығына хабарласыңыз:
📞 7711 — мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін.
Мобильді қосымшада «Қауіпсіздік» бөлімінде «Алаяқтар туралы хабарлау» функциясын таңдап, қысқа форманы толтырыңыз.
Біздің мамандар өтінішті жедел өңдеп, қаражатыңызды қорғауға көмектеседі.