Құпия хабарлама
Бұл арна Сізге Қазақстан Республикасының заңнамасын, Банктің ішкі құжаттарын бұзу фактілері немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы белгілі болған жағдайда, құпия хабарлама жіберуге арналған.
Хабарлау қажет жағдайлар
- Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;
- банктің ішкі құжаттарын бұзу;
- корпоративтік ресурстарды теріс пайдалану / қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану;
- құжаттарды қолдан жасау / бұрмалау;
- алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, ұрлық, ысырап ету;
- кәсіби этика нормаларын, корпоративтік мінез-құлықты бұзу, қоқан-лоқы жасау немесе күш қолдану;
- мүдделер қақтығысы, сыйлық алу;
- құпия ақпаратты жария ету;
- иснсайдерлік ақпаратты ашу;
- ЛСБОО/байланысты тарапқа жеңілдіктер беру;
- ақшаны жылыстату / терроризмді қаржыландыру.
Хабарлау қажет емес жағдайлар
- жұмыс жағдайларына қатысты шағымдар;
- жеке немесе құқықтық дауларды шешу.
Хабарламаны жан-жақты және объективті қарастыру үшін, бұзушылықтың егжей-тегжейлерін көрсету ұсынылады (бұзушының толық аты-жөні, уақыт кезеңі, бұзушылықтың толық мән-жайлары).