Ösim

Ösim — Alatau City Bank-тің Қазақстандағы бизнес туралы журналы. Бұл журнал өз ісін енді бастап, әртүрлі күмәнға беріліп, қателесіп жатса да, мойымай алға ұмтылатындарға арналған.

Журнал атауы қазақтың «өсім» сөзінен шабыт алған. Біздің түпкі мақсатымыз — бизнесіңіздің өсіп, дамуына қолғабыс болу. Күрделі тақырыптарды тәжірибелі сарапшылармен бірге заң мен ресми дереккөздерге сүйеніп, жалпақ тілмен жеткіземіз. HoReCa саласына ерекше көңіл бөліп, мейрамханалар мен кафелер жайлы контент жасаймыз. Бұл сала сізге таныс болса, бізді бір дастарқан басында отырғандай қабылдаңыз.

Ösim 2022 жылдың қазан айынан бері шығып келеді. 2024 жылы журнал үздік корпоративтік медиасы атанып, XIV Орталық Азия корпоративтік медиа байқауында контент пен дизайн үшін жүлде алды. 2025 жылы дәл осы байқауда екі номинация бойынша жеңімпаз атанды: үздік сыртқы корпоративтік журнал және үздік сыртқы цифрлық медиа. Еңбегіміздің еленуі — бәрімізге ортақ қуаныш, бірақ сіздің артқан сеніміңіз — әлдеқайда жоғары марапат.

Егер сіз сарапшы — бухгалтер, заңгер, салық немесе бизнес-кеңесші болсаңыз, және бізбен бірге жұмыс істегіңіз келсе, бізге жазыңыз: osim@alataucitybank.kz.

Ал егер сұрағыңыз, идея не тақырыбыңыз болса, тікелей поштамызға не Instagram мен Telegram желілерінде жазыңыз.

Ösim редакциясы

Ира Дубчак

Ира Дубчак

Бас редактор — мазмұнға мән беріп, түзетеді, мақала жазып, журнал жұмысын басқарады

Дана Ермұхан

Дана Ермұхан

Автор-аудармашы — қасаң мәтіндерді қарапайым тілге аударып, мақалалар жазады

Альмира Токтарханова

Альмира Токтарханова

Автор-аудармашы — таңғы асын Excel формулаларынан бастап, күнін мақала жазумен аяқтайды

Алтын Мендыбаева

Алтын Мендыбаева

Автор-аудармашы — журналист әрі ютубер: мәтіндер жазады, мағынаны дәл жеткізеді, таймкодтар қояды және мән-жайдың бәрін айқындайды

Диана Султан

Диана Султан

Редактор-аудармашы — қазақша мәтіннің ет асу нұсқаулығына айналып кетпеуін қадағалайды

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

Редактор-аудармашы — сөздердің мағынасын аударып, цунбияткан нәрселерді ұғуға көмектеседі

Димитрий Захаров

Димитрий Захаров

Арт-директор әрі дизайнер — жобаның визуалына жауапты нейрондық желілердің білгірі

Степан Нимчук

Степан Нимчук

Frontend-разработчик — код жазады, верстка жасайды, JavaScript-пен билеп, СSS-ті бағынуға үйретеді

Игорь Якимец

Игорь Якимец

QA-инженер — матрицаны қадағалап, жарқын идеяның бос қиялға айналуына жол бермейді

Айжан Нурпеисова

Айжан Нурпеисова

Telegram мен Instagram-те ешкімнің ішін пыстырмайды: жазбаларды жазып, жоспарлап, монтаж жасайды

Илья Козлов

Илья Козлов

Кез келген идеяға қанат бітіріп, редакциямызды кеңсе әлемінің ну орманында қорғайтын қайсар жауынгер

Макс Марковский

Макс Марковский

SEO-маман — Google-ды өзінің досындай көреді, оқырмандар бізді лезде тапсын деп роботтармен келісіп қойған

Ösim журналында еңбек еткендер

Арман Казгозжин - Frontend-әзірлеуші

Магжан Абдигапар - SMM-маман

Александр Сапальский - Frontend-әзірлеуші

Владислав Флоринский - бас редактор

Үлес қосқандарға алғыс білдіреміз

Максим Перфильев

Иван Волков

Вадим Сусевич

Эльдан Алтиев

Илья Степанов

Виталия Слепакова

Рахат Мелсов

Дмитрий Ботев

Аружан Аликан