


Зауыт салу
60 күнде


Ösim × Orda Juice co арнайы жобасы
бос ғимарат іздегеннен алғашқы Orda Juice Co өнімдері партиясын шығарғанға дейінгі жол үлкен жобаға ұласты
Асқар Ермағамбетовтың командасы алдына биік мақсат қойды: 60 күнде зауыт ашатын орын тауып, өндіріс жабдығын жинап, жұмысқа адам жалдап, зауытты іске қоспақ болды
Оқиғаның басы



Өндіріс жобасын жүзеге асыру
Мақаланы оқу
Құрылыс демалыссыз өтті. Құжаттарға байланысты қиындықтар мен кедендегі кедергілер, өнімді қолдан пісіретін жағдай мен шұғыл мәселелер — бәрі болды. Үлгере аламыз ба деген сұрақ та ойдан шықпады
Асқар Ермағамбетов
Жобаның негізін қалаушылар
Бизнес-серіктестік тұрмыстағы ұзақ қарым-қатынасқа ұқсас: бір-біріңді түсініп, көнетін жерде көніп, қажет кезде айтқаныңда тұра білуің керек

Асқар Ермағамбетов
өнім және маркетинг бағыттарына жауапты

Никита Ширяев
операциялық директор, яғни тауар жеткізу және қаржы бағыттарына жауапты

Александр Пушкарев
сату және клиенттермен қарым-қатынас құру бағыттарына жауапты

Александр Леонов
басқару, құрылым, стратегиялық даму, қаржы және бизнесті жоспарлау бағыттарына жауапты
Никита екеуіміз бизнес ашқанға дейін бірге хоккей ойнап, тауға шығатынбыз. Саша Пушкарев — командамызда ерекше орын алатын өте ақкөңіл адам. Ол HoReCa саласында 18 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Саша Леонов халықаралық компанияларда биік жетістікке жетіп, кейін өзі кәсіп ашпақ болды
Асқар Ермағамбетов

Команданы қалай жасақтадық
Мақаланы оқу
Өндіріс ашатын орын іздеу




Зауытты тағам өндірісі орналасқан жерде ашуға мүмкіндік болса, миллиондаған ақша үнемдеп, жұмысты бірнеше айға қысқартуға болады. Мұны Асқардың командасы да жақсы білді. Сәті түсе қалып, бұрын май зауыты болған орын табылды


Өндіріс орнын таңдау және дайындау
Мақаланы оқу
Ол жерде көптеген нәрсе дайын тұрды: бөлмелері дұрыс бөлінген, желдету шахталары бар, кафелі төбеге дейін төселген, шикізат пен дайын өнім ұстайтын жерлері бөлек екен
Сонымен жөндеу жұмысы басталды. Бірінші тосын жағдай да сол кезде болды

Май зауытының иелері көшкен кезде суды ағызбай кетіпті, одан құбырлардың бәрі жарылып кетті. Біз бүкіл жылу желісін ауыстырып, құбырларды жаңартып, 4500 батарея бөлігін орнаттық
Никита Ширяев
Құжаттар
Құжат жағынан аса көп қиындық болған жоқ. Бірақ бүкіл құжатты жұмыс басынан дайындай берген жөн. Алдын ала дайындасаңыз, тіпті жақсы
Тағам өндірісінде қағаздарға қатысты әлек көп. Мұнда санитария нормалары, техникалық шарттар, сертификаттар, рұқсаттармен айналысу керек


Зауыт заңдастыру барысында құжаттарды реттеу
Мақаланы оқу
Өндіріс құру
Зауыттың бас жабдығы — вакуум-буландырғыш қондырғы. Вакуум бөлігі қайнау температурасын түсіріп, өнімнің иісін сақтайды
Біз қондырғыны өндіруші зауыттан тікелей тапсырыспен алып, оған арнайы орын дайындай бастадық


Технологиялық желі неден басталады
Мақаланы оқу
Бұрынғы зауыт бөлмелерді көмір жағып жылытыпты. Асқардың командасы мұны экологияға зиян деп, жылдам әрі оңай орнатылатын газгольдер алғысы келді. Бірақ жұмыс барысында бұл жерге тек магистраль газ ғана жарайтыны анықталды
Сөйтіп бәрін қайтадан келісіп, газ тартуға жаңадан қол қойып, мерзімдерді кешіктіруге тура келді

Құрылыс та оңай болмады. 1 сәуірде бәрі дайын болуға тиіс еді Іс жүзінде жұмыс тағы екі аптаға созылды.
Бұл біреудің кінәсі емес, құрылыстың ерекшеліктері сондай екен


Өндірісті іске қосу кезіндегі сынақтар
Мақаланы оқу
Одан кейін тағы біраз кедергі болды. Вакуум-буландырғыш қондырғыны әкелетін көлік жолға шығайын деп жатқанда СТ-құжаттары дайын болмай қалды — өндірушілер өз жағынан созып жіберді
Цех дайын болғанымен, оның ішінде жұмыс істеу мүмкін болмады
Содан кейін технология желісі де келіп жетті. Команда оны түсірді, орнатты, тот баспайтын болатпен жұмыс істейтін дәнекерлеушіні шақырды. Құрылғыны бірінші рет қосқан сәтте диспергатор кері бағытта айнала бастады. Сөйтсе, тоқ фазалары бір-бірімен шатасыпты. Ол 10 минутта жөнделетін нәрсе
Қондырғыны алдымен су, одан кейін қант ерітіндісін, кейін негізгі өнімді құйып сынады
Вакуум дұрыс жұмыс істей бастағанда, бәрі қатты қуанды



Өндіріс желісін жеткізіп алу, орнату және іске қосу барысы
Мақаланы оқу
Ақша
Біз 130 млн теңге жұмсаймыз деп жоспарладық. Зауыт ашуға 200 млн кетті. Артық шығынның жартысы еден астындағы жарылған құбырларды ауыстыруға, газгольдер орнына газ орнатуға және құрылыс орнындағы ұсақ-түйек шығынға жұмсалды
Бюджеттің он пайызы жоспарламаған нәрселерге кетті. Мұның бәрін өндіріс ашу құнына қосуға болады
Асқар Ермағамбетов




Ақша қайда кетті және смета неге бір жарты есе өсті
Мақаланы оқу
Алғашқы клиенттер
Алғашқы клиенттер зауыт ашпай тұрып пайда болды — Kulikov, abr+, Six Coffee+Wine
Аскар оларға өнімнің дәмін татқызып, әрқайсысына лайық тақырыпқа сөйлесті. Оның арқасында тұрақты серіктестік орнатты


Клиенттермен жұмыс: HoReCa-дан басталған бизнесті кеңейту
Мақаланы оқу
Енді өндіріс істеп тұрған кезде тамақтану желілеріне дәмі ерекше өнім шығаруға да, өңірлермен жұмыс істеуге де болады
Одан кейінгі жоспар – БАӘ, Ресей, Беларусь елдеріне экспортқа шығу
60 күн дегені әдемі сан емес, бар қиындыққа қарамастан зауыт ашуға жұмсалған шын уақыт
✓ Зауыт іске қосылды
✓ Алғашқы партиялар жіберілді
✓ Жабдық кешіктірілсе де, клиенттер тапсырыстарын уақтылы алды
To be continued…
Зауыт оқиғасы әлі де жалғасып жатыр. Асқар мен оның командасының жұмысын бірге тамашалайқ

