2026 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК ашу

Жаңа тәртіппен тіркелу, салық төлеу және есепке тұру

2026 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК ашу

Жалпыға бірдей белгіленген режим (ЖБР) — бұл әмбебап салық салу жүйесі. Ол бизнестің қызмет түріне және көлеміне қарамастан кәсіпкерлердің бәріне лайық. 2026 жылы жаңа ережелер енгізіледі: ҚҚС бойынша міндетті тіркелу шегі төмендетіледі, бухгалтер есебіне қойылатын талаптар мен есеп беру құрылымы өзгереді. Бұл мақалада ЖБР ЖК ашу тәртібі, салықтары және жаңа міндеттер қарастырылады.

Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істеу

Бұл режимді мына жағдайларда таңдаған дұрыс:

  • басқа компаниялармен жұмыс істесеңіз — ЖБР қолданатын компаниялар өз шығынын шегере алады
  • бизнесіңіздің шығыны (тауар сатып алу, жалдау, мердігерлер ақысы) айтарлықтай көп болса, оны дұрыс есепке алу маңызды
  • кәсібіңіз агент немесе делдал қызметіне байланысты болса
  • қаржы айналымыңыз арнайы режимдерге қойылған шектен асып кетсе — мысалы, оңайлатылған режимдегі жылдық айналым 600 000 АЕК-тен (2026 жылы 2 595 000 000 теңгеден) асса.

Егер сіз негізінен жеке тұлғалармен жұмыс істесеңіз және аталған шектен аспасаңыз, оңайлатылған режимді қарастырыңыз. Айналымыңыз көп болмаса және қызметіңіз мына тізімге кірсе, сізге өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған режим қолайлы.

Егер сіз оңайлатылған режимдегі жеке кәсіпкер болсаңыз, бірақ ЖБР-ға өтуіңіз керек болса, сізге мына мақала көмектеседі:

ЖК ашу тәртібі

1-қадам. ЭҚЖЖ таңдау

Тіркелмес бұрын қызмет түрін анықтау қажет. Ол үшін барлық кәсіпкерлік түрлері көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ қолданылады. ЭҚЖЖ таңдауға біздің телеграм-бот та көмектесе алады.

Бас табыс көзі ретінде бір негізгі ЭҚЖЖ таңдау керек. Сонымен бірге қосымша қызмет түрін (бұл қызмет азырақ табыс әкеледі) және негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қосалқы қызмет түрін көрсетуге болады.

ЖБР-да қызмет түрлері бойынша шектеулер жоқ.

2-қадам. Өтініш беру

Тегін онлайн өтініш беру қажет. Сізге тек электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет болады — ЭЦҚ-ны ХҚКО-да немесе egov.kz-те алуға болады.

ЖК ашуға өтінім беру үшін мыналарды орындаңыз: 

1. eLicense.kz-ке ЭЦҚ арқылы кіру

2. «Қызмет көрсету» → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөліміне өту
3. Дерек толтыру: 

  • тұрғылықты мекенжай автоматты түрде толтырылады, кәсіпкерлік орналасқан мекенжайды мемлекеттік базаға сай қолмен жазып көрсетуге болады
  • ЖК атауы
  • ЭҚЖЖ 
  • салық режимі

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою.

3-қадам. ЖК тіркелгенін тексеру

2026 жылғы ЖБР ЖК шарттары

  1. ЖБР-да 1С немесе басқа есеп жүйесінде толық бухгалтер есебін жүргізу қажет. Әдетте мұнда бухгалтерсіз жұмыс істеу қиын: кіріс пен шығыс қаражатты дұрыс тіркеу, салықтар мен жарналарды есептеу, есеп тапсыру, ҚҚС міндеттемелерін бақылау қажет. Мұның бәрін өз бетіңізбен есептей аласыз, бірақ оған тәжірибе мен тәртіп қажет, себебі ЖБР-да әр қатеге айыппұл салынады.
  2. Жылына бір рет 220.00 нысан бойынша есеп беру. Есеп беру мерзімі — есептік жылдан кейінгі жылы 31 наурызға дейін. Мысалы, 2025 жылғы есепті 2026 жылғы 31 наурызға дейін тапсыру қажет.
  3. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық декларациясы — 200.00 нысан. Тапсыру мерзімі — есеп беретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-ші күнінен кешіктірмей (15 мамырға дейін, 15 тамызға дейін, 15 қарашаға дейін, 15 ақпанға дейін).

ЖБР ЖК төлейтін салықтар

ЖБР ерекшелігі: жеке табыс салығы айналымнан емес, табыс пен расталған шығын арасындағы айырмадан есептеледі.

Салық мөлшері ЖК табысына байланысты:

  • табыс 230 000 АЕК-тен аз болса (2026 жылы 994 750 000 теңгеге) дейін, мөлшерлеме — 10%
  • табыс 230 000 АЕК-тен көп болса (2026 жылы 994 750 000 теңгеге) дейін, мөлшерлеме — 15%

Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі кәсіпкер автоматты түрде ҚҚС төлеуші болмайды. Егер ЖК-ның кез келген 12 ай ішіндегі жылдық айналымы 10 000 АЕК-тен (2026 жылы 43 250 000 теңгеден) асса, кәсіпкер ҚҚС есебіне тұрып, 16% мөлшерлемелі салық төлеуге міндетті.

Жалпыға бірдей белгіленген режимде төленетін салықтар жайлы толығырақ мына жерден оқыңыз:

 

ЖБР-ны таңдаған кәсіпкер қызмет түрлері бойынша шектелмейді және салық шегерімдерін толық қолдана алады. Дегенмен ол толық есеп жүргізуге және тұрақты түрде есеп тапсыруға міндетті болады. Бұл режим арнайы режимдермен салыстырғанда күрделірек болғанымен, бизнесіңізді ашық, қауіпсіз әрі икемді жүргізуге жағдай жасап, серіктестер мен корпоративтік клиенттермен жұмыс істеуге ең қолайлы болмақ.