2026 жылы Қазақстанда шетел азаматының бизнес ашу тәртібі

ЖК немесе ЖШС: құжаттар және тіркеу барысы

2026 жылы Қазақстанда шетел азаматының бизнес ашу тәртібі

Қазақстанда шетелдіктер бизнесті жеке кәсіпкер ретінде жүргізе алады немесе ЖШС аша алады. Тіркеу рәсімдері біркелкі әрі онлайн жүргізіледі, ал талаптары кәсіпкердің көші-қон мәртебесіне байланысты. 2026 жылы бизнес бастамас бұрын шетел азаматы ескеру қажет талаптар мен құжаттар жайлы баяндаймыз. 

Қазақстанда кім ЖК аша алады

Қосымша рұқсатсыз ЕАЭО-ға мүше Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения азаматтары ҚР-да тұрақты тұрған жағдайда ғана ЖК аша алады. ҚР-да тұрақты тұрып жатқан Тәжікстан азаматтарына да осындай құқық берілген. ЖК ашу үшін мыналар қажет:

Қазақстанда тұру ықтиярхатын алу тәртібі

Тұруға ықтиярхат — шетел азаматының жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат.

Рәсімдеу екі кезеңнен тұрады. Алдымен шетел азаматы тұрақты тұруға рұқсат (ТТР) алып, құжат тапсырады, содан кейін тұруға ықтиярхат рәсімделеді.

Қажет құжаттар

Рұқсат алу үшін тіркелген жері бойынша полиция департаментіне немесе ХҚКО-ға жүгініп, мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама
  • шетелдік паспорттың көшірмесі және түпнұсқасы
  • төлем қабілеттілігін растайтын құжат — қазақстандық банктен алынған шотта бір адамға 1 320 АЕК мөлшеріндегі соманың бар екені туралы анықтама, 2026 жылы бұл 5 709 000 теңгені құрайды
  • азаматтығы бойынша елде берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама
  • тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты тіркеуге қою туралы нотариалды куәландырылған келісім (жеке тұлғадан) немесе шарт (заңды тұлғамен)
  • 028/у медициналық анықтама
  • 35 × 45 мм өлшеміндегі бір фотосурет
  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат — 0,2 АЕК, 2026 жылы – 865 теңге
  • дактилоскопиялық тіркеу туралы анықтама

Ескерту: барлық анықтамалар 180 күнге дейін жарамды.

ТТР 45 күн ішінде беріледі, содан кейін тұрғылықты жері бойынша тіркеліп, ықтиярхат рәсімдеу қажет. Ықтиярхаттың қолданыс мерзімі 10 жылға дейін, бірақ паспорттың қолданыс мерзімінен аспауы тиіс.

Ықтиярхат алғаннан кейін шетел азаматы бизнес аша алады.

Қазақстанда шетел азаматының ЖШС ашу тәртібі

2026 жылдан бастап тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азамат төмендегі режимдердің бірін таңдай алады:

Шетел азаматы өзін-өзі жұмыспен қамти алмайды.

ЖК ашу тәртібі

1-қадам. ЭҚЖЖ таңдау

Тіркелмес бұрын қызмет түрін анықтау қажет. Ол үшін барлық кәсіпкерлік түрлері көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші — ЭҚЖЖ қолданылады. ЭҚЖЖ таңдауға біздің телеграм-бот та көмектесе алады.

Бас табыс көзі ретінде бір негізгі ЭҚЖЖ таңдау керек. Сонымен бірге қосымша қызмет түрін (бұл қызмет азырақ табыс әкеледі) және негізгі және қосымша қызмет түрлерін сүйемелдейтін қосалқы қызмет түрін таңдауға болады

ЖБР-да қызмет түрлері бойынша шектеулер жоқ.

2-қадам. Өтініш беру

Тегін онлайн өтініш беру қажет. Сізге тек электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет — ЭЦҚ-ны ХҚКО-да немесе egov.kz-те алуға болады.

ЖК ашуға өтінім беру үшін: 

1. eLicense.kz-ке ЭЦҚ арқылы кіріңіз

2. «Қызмет көрсету» → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөліміне өтіңіз
3. Деректерді енгізіңіз: 

  • тұрғылықты мекенжай автоматты түрде толтырылады, кәсіпкерлік орналасқан мекенжайды мемлекеттік базаға сай қолмен жазып көрсетуге болады
  • ЖК атауы
  • ЭҚЖЖ 
  • салық режимі

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз.

3-қадам. ЖК тіркелгенін тексеру

Шетел азаматының Қазақстанда ЖШС ашуы

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) — қатысушыларының құрамы мен азаматтығына тәуелді емес заңды тұлға. Тіркеуден өткен соң компания Қазақстан меншігі болып саналады да, елдегі мемлекеттік сатып алулар мен тендерлерге қатыса алады. Көптеген шетел компаниялары өздерінің еншілес компанияларын Қазақстанда ЖШС ретінде тіркейді.

ЖШС тіркеуге қажет құжаттар

ЖШС тіркемес бұрын құжаттар дайындау қажет. ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін құжаттарды нотариалды куәландыру жеткілікті, ал басқа елдердің азаматтары үшін — апостильдеу немесе заңдастыру қажет.

Егер құрылтайшы шетел азаматы болса

Бұл жағдайда тіркеу рәсіміне Қазақстанға келетін басқа елдердің азаматтары қатысады. Мына құжаттар қажет:

  • қазақ және орыс тілдеріне аударылып, нотариалды куәландырылған паспорт көшірмесі
  • ЖШС-ның әр қатысушысы үшін жасалған қазақстандық ЖСН
  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
  • құрылтай құжаттары: ЖШС ашу туралы шешім, жарғы, құрылтай шарты, директор тағайындау туралы шешім
  • С5 бизнес-иммигрант визасы (ЕАЭО азаматтарынан басқа барлық тұлғаларға)

Бизнес-иммигрант визасы

С5 санатындағы виза Қазақстанда бизнес ашуды немесе компания құрылтайшыларының құрамына кіруді жоспарлап отырған шетел азаматтарына арналған. ЕАЭО елдерінің азаматтары мен шетелдік заңды тұлғаларға бұл виза қажет емес.

Визаның екі түрі бар:

  • бір мәртелік виза — 90 күнге дейін қолданылады, алғаш кірген кезде пайдаланылады
  • көп мәртелік виза — екі жылға дейін қолданылады, шекарадан бірнеше рет өтуге мүмкіндік береді

Бір мәртелік бастапқы С5 визасы тек Қазақстаннан тыс жерлерде (ҚР елшіліктерінде немесе консулдықтарында) қазақстандық компанияның немесе ЖК-ның шақыруы негізінде рәсімделеді.

Визаны ұзарту (көп мәртелік С5 визасын рәсімдеу) бизнес тіркелгеннен кейін ҚР аумағында жүзеге асырылады.

Қажет құжаттар:

  • жергілікті әкімдіктің келісімі
  • медициналық анықтама
  • медициналық сақтандыру полисі
  • соттылығының жоқтығы туралы анықтама
  • азаматтығы бойынша елде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынбағаны туралы анықтама

С5 визасы бойынша Қазақстанға келгеннен кейін шетел азаматы:

  • 2 ай ішінде ЖШС тіркеуге немесе жұмыс істеп тұрған компанияның құрылтайшыларының құрамына кіруге міндетті
  • жарғы капиталы ретінде 100 АЕК-тен кем емес мөлшерде қаражат (2026 жылы – 432 500 теңге) салуға міндетті

Егер құрылтайшы шетелдік заңды тұлға болса

ЖШС-ны Қазақстанда бизнес жүргізуге шешім қабылдаған шетелдік компания ашатын болса, оған мына құжаттар қажет болады:

  • заңды тұлғаның шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес тіркелгенін растайтын сауда тізілімінен көшірме
  • заңды тұлғаның тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат (шағын және орта бизнес үшін қажет емес)
  • шетелдік құрылтайшының қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар паспортының көшірмесі
  • қазақстандық БСН — ҚР-да ЖШС мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін берілетін бизнес сәйкестендіру нөмірі
  • құрылтай құжаттары: ЖШС ашу туралы шешім, жарғы, құрылтай шарты, директор тағайындау туралы шешім
  • ЭЦҚ

ЖШС тіркеу тәртібі

  1. egov.kz сайтына ЭЦҚ көмегімен кіріңіз.
  2. «Бизнеске» → «Бизнесті тіркеу және дамыту» → «Бизнесті тіркеу және жою» бөліміне өтіңіз.
  3. «Заңды тұлғаларды тіркеу / Бизнесті тіркеу» → «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
  4. «Банктік шотты ашу және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру ескерумен Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметі» тармағын таңдаңыз.
  5. Бейнесәйкестендіруден өтіп, тіркеу түрін көрсетіңіз және қажет деректерді енгізіңіз.

15 минуттан кейін өтініш парақшасын жаңартып, ЖШС тіркеу туралы анықтаманы PDF форматында қазақ және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.

 


Шетелдіктер үшін Қазақстанда бизнес ашу рәсімі көп жағдайда резиденттерді тіркеу тәртібіне ұқсас, бірақ мұнда көші-қон талаптары мен жекелеген салалардағы шектеулер ескеріледі. Бастапқы кезеңдегі өз мәртебеңіз бен мақсатыңызды дұрыс анықтау, құжаттарды дайындау және елге кіргеннен кейін белгіленген мерзімдерді сақтау маңызды. Бұл тәсіл бизнесті қауіп-қатерсіз құруға және Қазақстанда әрі қарай жұмыс істеу үшін сенімді негіз қалауға мүмкіндік береді.