Кофе нарығының бір жылдағы өзгерістері: Poster зерттеуі

Бағасы тиімдірек кофеге сұраныс көбейді

Кофе нарығының бір жылдағы өзгерістері: Poster зерттеуі

Мақаланың мазмұны

  • Telegram-да талқылау

Қоғамдық тамақтану орындарына автоматтандыру құралын ұсынатын Poster компаниясы Қазақстандағы кофе қуыру нарығы бойынша екінші жыл сайынғы зерттеу нәтижелерін жариялады.

Зерттеуге жергілікті нарықтың 60%-ын құрайтын 12 кофе қуыратын кәсіпорын қатысты (Алматы, Астана, Қарағанды және басқа да қалалар). Олардың ішінде Master Coffee Roasters, Marco Coffee, Greno сияқты компаниялар бар. Кофе сарапшысы Айбек Ахановтың пікірінше, бүгінде Қазақстанда 20-ға жуық белсенді кофе қуыратын ұйымдар жұмыс істеп тұр.

Зерттеуге қатысқандардың 36%-ы кофе қуырумен тек 2025–2026 жылдары айналыса бастаған. Есептеу үшін Poster орташа көрсеткіштерге сүйеніп, қатысушылар арасындағы жалпы жағдайды дәлірек сипаттайды.

Былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда ең қолжетімді кофенің бағасы айтарлықтай өсті: бір килограмның орта бағасы 10 мыңнан 12 мың теңгеге көтеріліп, бір жылда 20%-ға қымбаттады.

Кофе қуырушылардың үштен екісі өндіріс көлемінің өскенін айтты

Шикі кофе дәнінің бағасының өсуіне қарамастан, зерттеуге қатысқандардың басым бөлігі өндіріс көлемін арттыруды жалғастыруда. Кофе қуырушылардың 66%-ы соңғы бір жылда кофе қуыру көлемін ұлғайтқандарын хабарлады.

Келесі жылға болжанған көрсеткіш бұдан да жоғары. Нарық өкілдерінің 42 пайызы өндіріс көлемін 20%-ға дейін, 33 пайызы 21—50%-ға арттыруды жоспарлап отыр, ал 17 пайызы өсім 50%-дан асады деп болжайды.

Тұтынушылар арзанырақ кофе түрлерін таңдай бастады

Жоғары сұрыпты кофе үрдісі дамып келе жатса да, соңғы жылы сұранысты анықтаған басты себеп баға болды. Сауалнамаға қатысқандардың 42%-ы бағасы тиімдірек кофе сегменті қарқынды өскенін білдірді. Сонымен қатар респонденттердің 25%-ы сүзгілі кофеге, шағын топтамамен сатып алу және ерекше өңдеу тәсілдеріне сұраныс артқанын айтты.

Бұл үрдісті зерттеуге қатысқандар да растайды. Cosmic Garden Coffee өкілдері атап өткендей: «Нарықтың басым сегментінде бағасы арзан кофеге деген сұраныстың өсімі байқалады».

kofe.fratelli өкілдері де нарықтағы қос жақты ахуалға назар аударады: тұтыну мәдениеті мен сапаға талап артып келеді, сатып алушылар дәннің шығу тегін, өңдеу тәсілдерін, қуырылған мерзімі мен дәм сипаттарын тереңірек түсіне бастады. Қазақстан нарығының бағаға сезімталдығы әлі де жоғары. Сол себепті кофе өндірушілерге дәннің сапасы, өнімнің тұрақтылығы мен түпкі баға арасында үздіксіз тепе-теңдік сақтауға тура келеді.

HoReCa негізгі өнім сату арнасы болып қала береді

Түпкі тұтынушылармен тікелей сауда жасау бағыты дамып келе жатқанымен, кофе қуырушылардың негізгі өндірістік тапсырыстарын бұрынғыдай HoReCa қалыптастырып отыр. Кофе өндірушілердің 75%-ы өнімін негізінен кофеханаларға, мейрамханалар мен қонақүйлерге сатады.

Сонымен бірге компаниялар бірнеше сату арнасын қатар пайдалану тәжірибесін ұстанады. Сауалнамаға қатысқандардың 92%-ы кофені Instagram, WhatsApp, Telegram және өзге де әлеуметтік желілер арқылы сатады, 83%-ы дән өнімдерін басқа кофеханаларға, мейрамханаларға және қонақүйлерге жеткізеді. 67%-ы маркетплейстермен, дәл соншасы офис пен корпоративтік сегментке қызмет көрсетеді. 58%-ында өз сайты немесе интернет-дүкені бар.

Кофе қуыратын кәсіпорындардың ассортименттік саясаты да өзгеруде. Нарық өкілдерінің 92%-ы қазір өздері әзірлеген авторлық қоспаларды ұсынуда — өткен жылғы сауалнамада бұл көрсеткіш 73%-ды құраған. Ал сүзгілі кофенің үлесі бір жылда дерлік өзгерген жоқ — 10%-ға дейін.

Дәстүрлі қапталған дән өнімдерінен бөлек, кофе қуырушылар жаңа өнім форматтарын белсенді енгізіп жатыр. Сауалнамаға қатысқандардың 75%-ы сүзгілі кофе ұсынады, 67%-ы тапсырыс бойынша кофе ұнтақтау қызметін ұсынады, 58%-ы қаптамадағы ұнтақ кофе өндіреді. Одан бөлек, респонденттердің 33%-ы сыйлық жиынтықтарды, 25%-ы — сынама жиынтықтарды, ал 8%-ы бөтелкедегі колд-брю сатады.

Демпинг — нарық дамуындағы басты мәселе

2026 жылы кофе қуыратын кәсіпорындар тап болған басты мәселе — баға бәсекесі. Сауалнамаға қатысқандардың 58%-ы демпингті нарықтың басты түйіні деп санаса, екінші орынға шикі дән бағасының қымбаттауы шықты (компаниялардың 50%-ының айтуынша). Респонденттердің 42%-ы тұтынушылардың бағаға сезімталдығын атап өтті. Сонымен қатар валюта құбылуы, логистика мен жеткізу шығыны, сапалы дән тапшылығы және бизнесті кеңейтуге қаражат табу кедергілері де айтылды.

«Шикі дән бағасы мен логистика қызметтердің қымбаттауы кофе қуырушылардан өнім сапасы мен оның қолжетімділігі арасында оңтайлы тепе-теңдік сақтауды талап етеді. Осылайша нарықтың қалыптасу деңгейі артып, бәсекелестік үдей түсуде. Жақын арада өндірушілер тек бағамен бәсекелесіп қана қоймай, өнімнің сапасын тұрақты сақтап, қызметін ашық көрсетіп әрі тұтынушылармен ұзақ мерзімді қарым-қатынас қалыптастырып озып шығады», — деп Specialty Brotherhood Coffee Roasters пікірін білдіреді.

Poster мұндай зерттеуді екінші жыл қатар өткізіп жатыр. Компания өндіріс қуаттылығын, баға өзгерістерін, өнім түрлерін, сату арналары мен тұтынушылар сұранысын бақылап отыру үшін зерттеу дерегін жүйелі түрде жаңартуды көздейді.

Poster туралы

Poster — жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген ішкі құралдары бар Қазақстандағы тұңғыш POS-жүйе. Бүгінде Poster жүйесімен әлемнің 110 еліндегі 28 000-нан астам мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 2 000-ы — Қазақстандағы клиенттер. Poster-дің клиенттері қатарында Espresso Day, BlackБери, CoffeeTop, Sketo, Voronka және басқа да кофехана желілері бар.

 

Материалды Poster компаниясы арнайы Ösim үшін әзірледі.