Alem.ai-да Alatau City Bank пен Binance Kazakhstan Мемлекет басшысына Қазақстанда тауар ақысын алғаш рет цифрлық активтерді қолдана отырып төлеу мүмкіндігін таныстырды
Астана, 24 сәуір — Қазақстанның ірі әмбебап коммерциялық банкі Alatau City Bank Қазақстандағы Binance жетекші блокчейн-экожүйесінің жергілікті реттелетін компаниясы Binance Kazakhstan-мен бірлесіп дәстүрлі қаржы институты мен криптобиржа арасындағы толыққанды интеграцияны пайдалана отырып жасалған алғашқы криптотөлемдерді таныстырды. Презентация Қазақстан Республикасы Президентінің alem.ai. халықаралық жасанды интеллект орталығына баруы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен өтті.
Мемлекет басшысына Binance Kazakhstan мен Alatau City Bank арасындағы интеграция арқылы тауарларды криптовалютамен төлеу мүмкіндігі көрсетілді. Транзакция Банк терминалында цифрлық активтерді Binance Kazakhstan платформасындағы пайдаланушы шотынан есептен шығарудан бастап ұлттық валютадағы қаражатты Банктегі мерчант шотына есептеуге дейінгі толық үдерісті көрнекі көрсете отырып, QR-кодты пайдалана отырып жүзеге асырылды.
Бұл кейс Қазақстанда криптотөлемдерді іс жүзінде қолданудың алғашқы үлгісі болды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеуші құмсалғышы шеңберінде іске асырылды. Мұндай формат барлық реттеуші талаптарды сақтай отырып, бақыланатын ортада инновациялық қаржылық шешімдерді тестілеуге және енгізуге мүмкіндік береді.
«Елімізде қалыптасқан құқықтық база криптокомпаниялар мен банктерге өзара әрекеттесудің ашық арналарын құруға мүмкіндік береді. Бұл - цифрлық активтердің көлеңкеден шығуын және олардың Қазақстан экономикасына интеграциялануын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды процесс. Криптовалютаның бағдарламаланатын құрал ретіндегі артықшылығы - операциялардың жылдамдығы мен төмен құнында. Банк секторының бұл технологияларды терең меңгеруі бүгінгі өзгермелі ортада жұмыс істеудің қажетті шарты болып табылады, ал криптотөлемдердің іске қосылуы қаржылық қызметтерді цифрландырудың қисынды кезеңіне айналады - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Binance Pay мен Alatau City Bank ұсынатын Crypto Pay эквайрингтік инфрақұрылымының интеграциясы күнделікті төлемдерді әдеттегі офлайн-ортада цифрлық активтерді пайдалана отырып жасауға мүмкіндік бере отырып, пайдаланушылар мен бизнес үшін күнделікті жаңа мүмкіндіктер ашады.
"Alatau City Bank үшін бұл өнімді іске қосу цифрлық активтері бар экожүйені құрудағы алғашқы және іргелі қадам, ол криптопайдаланушыларға тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақысын цифрлық активтермен тез, оңай және заңды түрде төлеуге, ал кәсіпкерлерге өздерінің банктік шоттарына теңге алуды жалғастыра отырып, төлемдерді қабылдау тәсілдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз бұл өнімді цифрлық қаржы активтері нарығы мен дәстүрлі қаржы жүйесі арасындағы инфрақұрылымдық көпір ретінде көріп отырмыз. Оны енгізу криптоэкономикадан банктік контурға қаражаттың ашық және қауіпсіз ағылуына жағдай жасайды, бұл болашақта қаржылық белсенділікті кеңейтуге және тұтастай алғанда экономиканы дамытуға ықпал ететін болады", − деген пікірін Alatau City Bank-тің Цифрлық активтер жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Хаким білдірді.
«Бүгінгі демонстрация — Қазақстандағы цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Біршама уақыт бұрын мұндай сценарийлердің іске асуы мүмкін емес деп санасақ, бүгінгі таңда бұл жаңа шындық. Серіктестерімізбен бірге біз цифрлық активтерді күнделікті төлемдер құралына айналдыра отырып, технологиялардың нақты экономикаға қалай біріктірілетінін көрсетіп отырмыз. Жақын арада Binance Kazakhstan-ның әрбір пайдаланушысы Alatau City Bank POS-терминалын пайдалана отырып, мәселен, жұмысқа барар жолда кофе сатып ала алады, қонақ үйде тұру ақысын немесе мейрамханада ішкен кешкі асының ақысын төлей алады», − деді Binance Kazakhstan бас менеджері Нұрхат Кушимов.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Комитет криптоиндустрияны дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, және бұл іске қосу Ұлттық Банк, Alatau City Bank және Binance компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылған практикалық жобалардың бірі болып табылады.
Жоба аясында цифрлық активтерді банктік төлем инфрақұрылымымен интеграциялау іске асырылды — пайдаланушылар POS-терминалдар арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жасай алады, ал кәсіпкерлермен есеп айырысу теңгемен жүргізіледі. Мұндай тетік операциялардың ашықтығын және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Біз бұл жобаны алғашқы кезең ретінде қарастырамыз — алдағы уақытта цифрлық активтерді экономикада пайдалану сценарийлерін кеңейту және ауқымын ұлғайту жоспарлануда», — деп атап өтті ҚР ЖИИЦДМ Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтурсынов.
Криптотөлемдерді барлық жерде пайдалануға мүмкіндік ашатын және Binance Kazakhstan мен Alatau City Bank арасындағы серіктестікті дамытудың келесі кезеңі болатын осы шешімнің толыққанды іске қосылуы мамыр айында жүзеге асырылады деп күтілуде. Пайдаланушылар әдеттегі инфрақұрылымда жылдам, ыңғайлы және ашық төлем тәжірибесін ала отырып, тауарлар мен қызметтер ақысын криптовалютамен төлеу үшін Binance Pay пайдалана алады.
Alatau City Bank жайлы
Alatau City Bank – Қазақстанның ірі әмбебап банкі. 2026 жылдың басында активтер мөлшері бойынша 5-орынды және елдің коммерциялық банктері арасында капитал мөлшері бойынша 3-орынды иеленді.
Қосымша ақпарат алу үшін https://alataucitybank.kz сайтына кіріңіз.
Binance туралы
Binance − цифрлық активтердің көлемі жағынан ірі сауда-саттық биржасы сияқты қаржы өнімдерінің жиынтығын ұсынатын әлемдегі жетекші криптовалюталық инфрақұрылым жеткізушісі. Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар сенетін Binance платформасы пайдаланушылардың ақша еркіндігін арттыруға арналған және сауда мен қаржы, білім беру, деректер мен зерттеулер, қайырымдылық, инвестициялар мен инкубация, орталықсыздандыру және т.с.с. криптовалюталық өнімдер мен ұсыныстардың таптырмас портфелін ұсынады.
Қосымша ақпарат алу үшін https://www.binance.com сайтына кіріңіз.
Binance Kazakhstan жайлы
Binance − АХҚО қаржы реттеушісі, Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) цифрлық активтердің операциялық сауда алаңы ретінде қызметті жүзеге асыруға уәкілеттік берген, принципал ретінде депозитарлық қызметтер мен инвестициялық операциялар ұсынатын (түпнұсқасы − Operating Digital Asset Trading Facility, Providing Custody and Dealing in Investments as Principal) компания. Лицензияның мәртебесі мен жарамдылығын AFSA веб-сайтынан (www.afsa.kz) тексеруге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін https://www.binance.com/ru-KZ сайтына кіріңіз.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жайлы
Министрлік аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық активтер, жобалық басқару салаларындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қосымша ақпарат алу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd сайтына кіріңіз.
Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы жайлы
alem.ai – бұл халықаралық жасанды интеллект орталығы. Оның инновациялық кеңістігі, миссиясы – Қазақстанда ЖИ-технологияларды дамыту, дарынды жастарды осы салаға тарту, экономиканың цифрлық секторын жаңа деңгейге шығару үшін AI және IT секторларындағы перспективалы жобаларға қолдау көрсету және ілгерілету.
Қосымша ақпарат алу үшін https://alem.ai/ru/ сайтына кіріңіз.